“Ешқайсының шаңырағы шайқалмаса екен”: Жәнібек Әлімханұлы жекпе-жек алдында маңызды мәлімдеме жасады - kaz.caravan.kz
  • $ 498.65
  • 589.06
+6 °C
Алматы
2026 Жыл
5 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
“Ешқайсының шаңырағы шайқалмаса екен”: Жәнібек Әлімханұлы жекпе-жек алдында маңызды мәлімдеме жасады

“Ешқайсының шаңырағы шайқалмаса екен”: Жәнібек Әлімханұлы жекпе-жек алдында маңызды мәлімдеме жасады

Кәсіпқой бокстың орта салмағындағы WBO және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы, қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы жанкүйерлеріне үндеу жасады.

  • 1 Желтоқсан 2025
  • 334
Фото: instagram.com/janibek.alimkhanuly/

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды. 

Ол үш белбеу үшін өтетін жекпе-жек алдында қазақстандықтарды бәс тікпеуге шақырды. 

“Маған әр қазақ қымбат! Ешқайсының шаңырағы шайқалмаса екен деймін! Жастарды құмар ойын ойнамауға, менің жекпе-жегіме бәс тікпеуге шақырамын!”, – деп жазды Жәнібек Әлімханұлы Instagram желісіндегі парақшасында.

Еске сала кетейік, аталмыш жекпе-жекте үш чемпиондық белбеу бәске тігіліп отыр. Олар: WBO, IBF және WBА.