"Аман алып қалу мүмкін болмады": Алматыда қаза болған фельдшер туралы тың дерек тарады - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Аман алып қалу мүмкін болмады": Алматыда қаза болған фельдшер туралы тың дерек тарады

"Аман алып қалу мүмкін болмады": Алматыда қаза болған фельдшер туралы тың дерек тарады

Алматыда қоғамдық денсаулық сактау басқармасы қызметтік міндетін атқару барысында ауыр жол-көлік оқиғасы салдарынан жедел медициналық жәрдем фельдшерінің қаза болды.

  • 4 Желтоқсан
  • 32
Instagram/Stan.kz

Бүгінгі күні дәрігерлер маманның өліміне қатысты тың дерекпен бөлісті, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

«Желтоқсанның 3-іне қараған түні жедел жәрдем көлігі мен жеңіл автокөлік соқтығысып, бес адам зардап шекті. Өкінішке орай, Джанабаева Насиба Мұхтаровнаны аман алып қалуы мүмкін болмады. Қалған науқастар дәрігерлердің бақылауында, олардың бірі ауыр жағдайда жатыр» — делінген хабарламада.

Қазіргі таңда оқиға бойынша тиісті тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Марқұмның отбасына қажетті көмек көрсетіледі.

Айта кетейік, Алматыда жедел жәрдем көлігі апатқа ұшырап, бір жолаушы қаза тапқаны туралы хабарлаған едік. Ол 23 жастағы фельдшер болып шықты. 

Әлеуметтік желілерде оқиға орнында түсірілген видео тарады. Кадрдан жедел жәрдем көлігі аударылып қалғанын көруге болады.

“Апат 3 желтоқсанда сағат 00:40-та Алматы қаласы Алатау ауданында болған. Жедел жәрдем көлігі Сайын көшесімен келе жатып, бұрылмақ болған. Сол сәтте Kia көлігімен соқтығысқан. Салдарынан екі көліктің жүргізушілері мен жолаушылары жарақат алған. Ал 2002 жылы туған фельдшер бірнеше сағаттан кейін ауруханада көз жұмған”, – делінген хабарламада. 

Полиция адам өліміне әкелген жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғады.

Показать перевод

Перейти к новостям спорта