Жеңіске бастар әр қадам: «Қамқорлық» бастамасының мерейтойы - kaz.caravan.kz
  • $ 504.49
  • 587.73
+3 °C
Алматы
2025 Жыл
8 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
 Жеңіске бастар әр қадам: «Қамқорлық» бастамасының мерейтойы

 Жеңіске бастар әр қадам: «Қамқорлық» бастамасының мерейтойы

«Қамқорлық» бастамасының мерейтойы

  • 8 Желтоқсан
  • 2
ФОТО: fnn.kz

Орталықтардың бес жылдық жұмысына арналған мерейтойлық сапарымыз жалғасып жатыр.

Бүгін Астанада «Қамқорлық» оңалту орталығының ұжымымен кездесу өтті. Орталыққа Нұрсұлтан Назарбаев Қоры атқарушы директорының орынбасары Әлкей Марғұланұлы мен «Қамқорлық қоры» директорының орынбасары Гүлмира Әбелдинова келді.

Бес жыл ішінде астаналық орталық 18 жасқа дейінгі 2320 баланы қабылдады. Бұл көрсеткіштің ар жағында мамандардың маңдай тері, ата-аналардың сенімі мен үміті жатыр. Ең қуаныштысы, 411 бала тәй-тәй басып жүре бастаса, 433 бала алғаш рет сөйледі. Бұған мамандардың да, ата-аналардың да еңбегі зор.

Сапарымыздың басты мақсаты – ұжымды бес жылдық белеспен құттықтап, олардың кәсібилігіне, мейірімділігі және балалар мен олардың отбасыларын қолдағаны үшін алғыс айту. Барлық қызметкерге күн сайынғы тындырымды еңбегіне деген ризашылық белгісі ретінде алғыс хат табысталды.

Сонымен қатар орталыққа 2 млн теңге көлеміндегі сертификат берілді.

Орталық мамандары балалармен бірге кондуктивті терапия форматында шағын, бірақ жүректі тербейтін бағдарлама дайындады. Бұл көрініс әрқайсымыздың еңбегіміз кімдер үшін істеліп жатқанын тағы бір мәрте еске салды.

Мерейтой – өткенге көз тастап, саралайтын сәт. Алайда ең бастысы, алға қарай нық қадам басып, ерте көрсетілген көмектің маңызы мен әр баланың шексіз мүмкіндігіне сену қажет.

Перейти к новостям спорта