"Өмірімде ондай жағдайлар көп болды": Депутат ерекше балалар мен олардың анасын қарғаған блогер туралы - kaz.caravan.kz
  • $ 441.77
  • € 502.38
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
28 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Өмірімде ондай жағдайлар көп болды": Депутат ерекше балалар мен олардың анасын қарғаған блогер туралы

"Өмірімде ондай жағдайлар көп болды": Депутат ерекше балалар мен олардың анасын қарғаған блогер туралы

Мәжіліс депутаты Динара Наумова елді шулатқан блогерге қатысты өз пікірін білдірді.

  • 9 Желтоқсан 2025
  • 28
Instagram/Динара Наумова

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Депутат бұл жөнінде өзінің желідегі парақшасында бөлісті.

Мен бұрын айтылған «блогер» өз сөздерін тағы да дәлелдеуге тырысқан сюжетке көз жүгірттім.
⠀
Ол «ғылыми» мақалалар мен дәрігерлер туралы айтып жүр. Егер ондай деректер шынымен бар болса — сілтемелерді ұсынуды сұраймын. Ал дәрігерлердің пікіріне келсек, өмірімде олар көп болды, бірақ бірін ерекше есімде сақталыпты.
⠀
Маған 3 жас болғанда, ДЦП диагнозынан кейін маман ата-анама былай деген: «Егер ол жетістікке жетсе — мен өз дипломымды жей салайын». Көп уақыт өтті. Шынымды айтсам, кейде сұрағым келеді: дипломның жағдайы қалай екен?
⠀
Бірақ маңыздысы бұл емес. Маған ең бастысы — әрбір ерекше баланың ата-анасы мынаны ұмытпаса деймін: Сіздің төзіміңіз, махаббатыңыз және сеніміңіз — кез келген болжамнан биікке көтеретін ең үлкен күш», — деп жазды депутат.