”Стипендия алған жоқпын, жарыстарға пойызбен жылатып апарады”: Түркістандық зағип спортшы әділетсіздікке тап болғанын айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 514.74
  • 599.36
-5 °C
Алматы
2025 Жыл
10 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
”Стипендия алған жоқпын, жарыстарға пойызбен жылатып апарады”: Түркістандық зағип спортшы әділетсіздікке тап болғанын айтты

”Стипендия алған жоқпын, жарыстарға пойызбен жылатып апарады”: Түркістандық зағип спортшы әділетсіздікке тап болғанын айтты

Түркістандық параспортшы әділетсіздікке тап болғанын айтып, көмек сұрады.

  • 10 Желтоқсан
  • 172
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Ол әлеуметтік желіде жарияланған видеода бірнеше жарыстарда топ жарса да уәде етілген ақшалай сыйақыны алмағанын айтты.

”Мен Айтмұратова Рупия көру қабілетінен айырылған 1 топ мүгедекпін. Түркістан қаласында мүмкіндігі шектеулі жандар үшін осындай мүмкіндік бар, қатыссаң стипендия беріледі деген соң парапауэрлифтингке қатысқанмын. Қатыстым, бірақ әділетсіздік орын алып жатыр. Жаттықтырушымыз Марат Нұрмаханов “жетістіктерге жетсең стипендия аласың” деді. Қазір бірнеше жарыстардан орын алдым. Бірақ, орын алмаған кісілерге беріліп жатыр”, — дейді ол.

Сондай-ақ, параспортшы өзге қалаларда өтетін жарыстарға пойыздың үстіңгі орындарында қиналып барғанын да айтты.

”Жаттықтырушы бізді жарыстарға пойызбен апарады. Онда да жылатып, еңіретіп апарады. Былтыр қараша айында маған пойыздың жоғары орынын алған. Маған “төбеге шық” дейді. Ол жерге мен қалай шығамын? Әркіммен ауысып, жылап жүрдім”, — дейді ол.

Аталмыш видеоны Instagram парақшасында жариялаған журналист Гүлмира Әбіқай зағип спортшыны жылатқандарды қатаң сынады.

“Баяғы спорттың жыры, мүгедектің мұңы.


Рупия Аймұратова туа біткен зағип, қос жанары көрмейді. Тағдырының ауырлығына қарамастан спортты сүйді. Ауыр атлетика, зілтемір көтерген батыр қыз. Ауылдағы Рупияны Түркістан қалалық спорт өкілдері өздері іздеп тапты. “Құр жүргенше спарткиадаға қатыс, жүлделі орын алсаң қосымша стипендия аласың” деп сендірді. Көктемнен бері кәсіби шұғылданып, маусым айында Тараздағы жарыстан топ жарып, кеудесіне алтын тақты. Ары қарай Алматы мен Талдықорғандағы жарыстан да алтын медаль алып қайтты. Содан бері 6 ай өтті. Өзінің айтуынша “жаттықтырушы басқармаға, басқарма басқаға сілтеп жеңісіне тиесілі қаржылай стипендияны күтіп зарықты”. Ол ақша қайда кетті, шын бөлінген болса жарымжан жанды қуанту сондай қиын ба?

Жарыс кезінде басшылыққа атақ-дәреже қажет, жарыс біткен соң спортшы қажет емес пе?
90кг зілтемірді бір деммен жерден 12 мүшесі сау адамның өзі сирек көтереді. 1-ші топ мүгедектігіне қарамастан Түркістан өңірінің атағын пауэрлифтингтен жарқыратқан жан жыламасыншы.

Жарысқа зағип спортшылардың қиналып поездбен жетуі, плацкарттың үстіңгі орнындағы билеттері жайлы сөз қозғап жатқан жоқпыз”, — деп жазды журналист.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера