”Құрылыста қара жұмыс та істедім”: Қызылордалық балуан туған жерінен жұмыс табылмағанын айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 519.61
  • 610.13
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
”Құрылыста қара жұмыс та істедім”: Қызылордалық балуан туған жерінен жұмыс табылмағанын айтты

”Құрылыста қара жұмыс та істедім”: Қызылордалық балуан туған жерінен жұмыс табылмағанын айтты

Грек-рим күресінен 2005 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Ермек Көкетов біраз уақыт жұмыссыз жүргенін айтты.

  • 17 Желтоқсан
  • 8
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды. 

Қызылордалық спортшы Ақарыс Сейітқазыға берген сұхбатында өзінің туған жерінен лайықты жұмыс орны табылмай жатқанын жасырмады.

”Жақында ғана Алматы облысы спортты дамыту дирекциясына команда басшысы болып жұмысқа тұрдым. Біраздан бері жұмыссыз отырып қалдым. Бақтияр Артаев басшы болған кезде арнайы құттықтап барып, кездестім, “еңбегіңіз бар ғой, болды, ұсыныстар болса, бір хабарын айтамыз” деп еді. Ұсынысты да күтіп отыра бермейсің. Төрт бала-шағам бар. Спорт күнінде Бақтияр Артаев Олимпиада, әлем чемпионатының жүлдегерлерін Қызылордаға жинады. Сол кезде Теңізбаев Нұрбақыт деген спорттағы досым мен Аширов Дарханмен сөйлесіп, “қызым мектеп бітіріп жатыр, Алматыда оқығысы келеді, Алматыға ауыссам” деп жігіттерге ұсыныс айттым. Аширов Дарханға үлкен рақмет, бірден қабылдады. “Сіздің жұмыс істемей-ақ қой, осы жерде жүргеніңіздің өзі балаларға жігер сыйлайды” деп айтып жатыр. Сөзімді жерге тастамай, жұмысқа қабылдады. Қазір Қонаев қаласында времянканы жалға алып, жалғыз тұрып жатырмын. Отбасым Қызылордада. Демалыс күндері барып жүрмін. Негізі әлі күнге Қызылордада облыстық федерацияда жұмыс істеп келе жатырмын. Бірақ Нұрбақыт Теңізбаев Алматыға шақырып жүргеніне 4 жыл болды. Мен оған “Жетісу облысының азаматысың, сол жақта жұмыс істеп жатырсың. Мен Қызылорданың азаматымын. Осы жақта еңбек еткенім дұрыс” дедім. Жұмысты 3-4 жыл күттік, әлі ешқандай шешім болып жатқан жоқ. Лауазымды кісілер айтты, бірақ кейін орындары ауысып кетті. Бірақ ешқандай ренішім жоқ”, — дейді ол.

Сондай-ақ, ол журналистің “Артаев сізге бір жұмыс тауып бермеді ме” деген сұрағына да жауап берді.

”Енді Қыдыр атаны күтендей күтіп жатырмыз. Артаевтың жауабын күтіп жүргеніме бір жылдай болды”, — дейді Ермек Көкетов.

Спортшы қара жұмыс істеген сәттері болғанын да айтты.

”Несін ұяламын, құрылыста қара жұмыс та істедім. Шыны керек, жұмыссыз болып қалған кезде Алматыда бір пәтердің жөндеу жұмыстарында көмекші болып жұмыс істедім. Намыстанған жоқпын. Өйткені, бала-шағаны асырау керек. Солай екі айдай жұмыс істедім. Қасымда өзбек ағайындар да, қазақтар да болды”, — дейді ол.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера