”Бірінші лигада дедовщина болды”: Ұлттық құрама ойыншысы футболдағы әлімжеттік туралы айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 513.55
  • 602.09
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
18 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
”Бірінші лигада дедовщина болды”: Ұлттық құрама ойыншысы футболдағы әлімжеттік туралы айтты

”Бірінші лигада дедовщина болды”: Ұлттық құрама ойыншысы футболдағы әлімжеттік туралы айтты

Өткен маусым қорытындысы бойынша Қазақстанның үздік қорғаушысы атанған Бағдат Қайыров футболдағы әлімжеттік туралы айтты.

  • 18 Желтоқсан
  • 11
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

“Ақтөбе” футбол клубы мен ұлттық құрама қорғаушысы “Fonteam” YouTube арнасына берген сұхбатында қазіргі бірінші лиганың деңгейін балабақшаға теңеді.

”Мен жастар құрамасында ойнамай, бірден ұлттық құрамаға кіргенмін. Мүмкін, ол кезде деңгейім ондай болмаған шығар. “Ақтөбе-Жаста”, “Каспийде” ойнадым. Бірақ жастар құрамасына шақыру туралы ұсыныстар болмады. Негізі мансабым 17 жасымда “Ақтөбе-Жаста” басталды. Бірден 38 жастағы жігіттермен ойнадым. Ол кездегі бірінші лиганың деңгейі басқаша болды. Қазіргі бірінші лига оның қасында балабақша сияқты. “Дедовщина” деген сол кезде болды. Пойызбен жүресің, “ыстық су әкел, ананы әкел” деп жұмсап жібереді. Одан жаман болған жоқпыз”, — дейді ол.

Сонымен қатар, ол ел чемпионатының деңгейіне қатысты да өз ойымен бөлісті.

”Неге екенін білмеймін, көп адамдар Қазақстан чемпионатын менсінбейді. Бірақ легионерлермен өзара сөйлескен кезде олар өздерінің жергілікті чемпионаттарына қарағанда біздің ішкі біріншілікті “мықты” деп айтады. Біздің чемпионаттың деңгейі өте жоғары. Бізде жаңа стадиондар салынып жатыр. Көп адамдар негатив айтады ғой, бірақ мойындау керек, Қазақстан футболы жыл сайын дамып келе жатыр. Ойын деңгейі де дамып жатыр. Жастарға жақсы мүмкіндіктер беріліп жатыр”, — дейді ол.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера