"Мені апай деп атама": Филолог Баян Алагөзованың сөзіне қарсы шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 514.31
  • 603.03
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
18 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Мені апай деп атама": Филолог Баян Алагөзованың сөзіне қарсы шықты

"Мені апай деп атама": Филолог Баян Алагөзованың сөзіне қарсы шықты

Филолог Арын Құнанбайұлы "мені апай деп атама" деген продюсер Баян Алагөзованың сөзіне қарсы шықты.

  • 18 Желтоқсан
  • 64
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ол Narikbi LIVE Youtube арнасына берген сұхбатында айтты, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

«Баян Алагөзованың «не называй меня апай» деуі – қазақ тілінің қаратпа жүйесін өзге тілдік өлшеммен бағалаудың көрінісі. Қазақ тілінде «апай» сөзі кемсіту немесе төмендету емес. Бұл – ресми әрі мәдени қаратпа. Институтта «Апай», «ағай» деп айту – сауатсыздықтың не төмен мәдениеттің белгісі емес. Кейбір тілдерде ресми қарым-қатынас есім мен әке аты арқылы қалыптасса, қазақ тілінде ресми стиль туыстық атауларға сүйенеді. Сондықтан қазақ тіліндегі қаратпа жүйесін басқа тілдік үлгіге бейімдеуге болмайды», — деді тіл маманы.

Маманның айтуынша, соңғы уақытта қоғамда қаратпа сөздерге қатысты көзқарас жиі өзгеріп, бұрын қалыпты саналатын атауларға күмәнмен қарау үрдісі байқалып отыр.

 Естеріңізге сала кетейік, продюсер Баян Алагөзова «Zamandas» подкастында «апай» деп атаудың өзіне ұнамайтынын айтып, бұл қаратпаны қабылдамайтынын жеткізген еді.

Перейти к новостям спорта