2026 жылы салықты қалай аз төлеуге болады? - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2026 жылы салықты қалай аз төлеуге болады?

2026 жылы салықты қалай аз төлеуге болады?

Жаңа салық кодексінің жаңалығы көп.

  • 22 Желтоқсан
  • 117
Фото - Caravan.kz

2026 жылдан бастап жаңа салық нормалары күшіне енеді. Бұл өзгерістерді кәсіпкерлер енді сезіне бастады. Әсіресе шағын және орта кәсіп иелері келесі жылдан бастап ісін қалай жүргізетінін білмей алаңдап отыр. Әлеуметтік желіде осы өзгерістерге қатысты сұрақтар көбейді, ал жауап аз. Бұдан бұрын біз ірі маркетплейстер отандық жеке кәсіпкерлерді таңдау алдында қалдырғаны туралы жазған едік. Қиындықтарға тап болған кәсіп иелері үлкен жиында сөз сөйледі. Оның нәтижесі не болды? Caravan.kz медиа порталының тілшісі жиынның мән-жайын және салық төлеушілерге қатысты материал ұсынады.

2026 жылы салықты қалай аз төлеуге болады?

Ең алдымен салық төлеушілерге қатысты ақпаратпен бөлісейік., Аталмыш тәсіл қолайлы тұлғалар тізімінде: пәтер жалға беретіндер, такси жүргізушілері, жеткізушілер, наубайшылар, репетиторлар, фотографтар, аудармашылар, дизайнерлер, шаштараздар, маникюр шеберлері, бояушылар, сылақшылар, жөндеу шеберлері мен басқалар бар.

2026 жылдан бастап өзін-өзі жұмыспен қамтитындарға арналған жаңа режим іске қосылады. Онда ай сайын тек 4% мөлшерінде әлеуметтік төлемдер төлеу жеткілікті болмақ. Бұл режим жалдамалы қызметкері жоқ және айына 300 АЕК-тен аспайтын табыс табатындар үшін жарамды (2026 жылы бұл шамамен 1,3 млн теңге).

Тиімді Қазақстан арнасының жазуынша, бір уақытта әрі жеке кәсіпкер, әрі өзін-өзі жұмыспен қамтыған болуға болмайды. Сондықтан алдымен ЖК-ні жабу қажет. Екі жолы бар: өзіңіз жабу немесе автоматты түрде жабылғанын күту. Нұсқаулық.

ЖК-ні 2025 жылы да, 2026 жылы да жабуға болады. Бірақ мүмкіндігінше 2025 жылдың соңына дейін жапқан дұрыс, сонда жаңа режимге бірден өтіп, есеп жүргізуді жеңілдетесіз.

ЖК жабылғаннан кейін жаңа режимге өтесіз. Ол үшін КГД-ның ресми қосымшасы e-Salyq Business-те алғашқы чек беру қажет. Сол түбіртек шыққан күн — өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған СНР-ды қолданудың басталу күні. Сонда бәрі дайын болады.

4% төлемді келесі айдың 25-інен кешіктірмей төлеу қажет. Мысалы, 2026 жылдың қаңтарына арналған төлемді 2025 жылдың 25 ақпанына дейін төлеу керек.

Тығырыққа тірелген кәсіпкерлердің жанайқайы

Айта кетейік, ірі маркетплейстер отандық жеке кәсіпкерлерді таңдау алдында қалдырды. Толық материалды оқи отырыңыз: Үлкен дағдарыс келе жатыр ма? Маркетплейстер жүз мыңдаған отандық жеке кәсіпкерлерді нарықтан қуып жатыр

Белгілі болғандай, 120 мыңға жуық онлайн сауда алаңында жұмыс істейтін жеке кәсіпкер жабылудың алдында тұр. Ірі маркетплейстер жаңа жылдан бастап оларға ҚҚС төлеуші ретінде тіркелуді талап етуде. Олай болса, нанын тауып жүрген бірқатар кәсіпкерлер нарықтан кетуге мәжбүр болады, себебі үлкен салықтық жүктемені көтере алмайды. Басқалары көрші елдерге ауысуды ойластыруда. Осы және басқа да сұрақтар бойынша 20 желтоқсанда Алматыда Wildberries сатушыларының үлкен кездесуі өтті. Кездесуге «Республика» партиясының депутаты Айтуар Қошмамбетов, миллиондаған аудиториясы бар блогерлер Екатерина Ким, Ляззат Мұратқызы, сондай-ақ кәсіпкер және маркетплейстер бойынша сарапшы, сатушылар мәселесін бірнеше жылдан бері қоғам алдында көтеріп жүрген Артем Бухонин қатыты. Кездесуге БАҚ өкілдері де келді. Кездесуде кәсіпкерлер қазіргі қиындықтар мен келесі жылдағы өзгерістер туралы ойларымен бөлісті. Сондай-ақ кейбір өзгерістерді кейінге қалдыруды талап етті.

Соның бірі — жеңілдетілген режимде жұмыс істейтін жеке кәсіпкерлерден алынған тауарлар мен қызметтерді корпоративтік табыс салығы бойынша шегерімге жатқызуға тыйым салу.

Бұған дейін компаниялар мұндай шығындарды есепке алып, салықтық шегерім жасай алатын. 2026 жылдан бастап бұл мүмкіндік жойылады. Нәтижесінде бір мәміле үшін екі рет салық төлеу керек. Атап айтқанда жеке кәсіпкер өз табысынан салық төлейді, ал сатып алушы компания сол шығынды шегерімге қоса алмай, қосымша 20 пайыз КТС төлейді.

Бұл норма ел бойынша 400 мыңға жуық жеке кәсіпкерге тікелей әсер етеді. Олардың ішінде маркетплейстерде жұмыс істейтін 120-жуық адам бар. Олар — компаниялармен жұмыс істеп, тауар немесе қызмет көрсететін шағын бизнес өкілдері. Сондықтан олардың алдында үш қана таңдау тұр. Не олар кәсіпті толық тоқтатады, не жалпыға бірдей салық режиміне көшеді. Болмаса, жеңілдетілген режимде қалып, бірақ серіктестерінен айырылады.

5 желтоқсанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Салық кодексіне байланысты кәсіпкерлерден көп шағым түсіп жатқанын атап өтті. Президент Үкіметке проблемалық тұстарды талдауды, фискалдық мүдде мен нақты сектор арасындағы тепе-теңдікті сақтауды және «Атамекен» ҰКП-мен бірлесіп шешім әзірлеуді тапсырды. Арада қанша уақыт өтсе де, нақты шешімдер қабылданбады. Учет.кз сайтының мәліметінше, B2B бойынша шегерімдер кем дегенде жарты жыл бойы өзгеріссіз қалады. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмрин Жаңа Салық кодексінің даулы нормаларын талдау туралы Президенттің тапсырмасына пікір білдіре отырып мәлімдеген.

Әмриннің айтуынша, жақын арада B2B мәмілелері бойынша шегерімдерге тыйым салуды қайта қарау жоспарда жоқ.

«Шегерімнің өзіне келетін болсақ, бұл заңнамамен бекітілген норма, ол 1 қаңтардан бастап күшіне енеді, өзгермейді. Біз бұл норманың қалай жұмыс істейтінін жарты жылдың қорытындысы бойынша көру қажет деп санаймыз. Қорытынды бойынша біз бірінші жартыжылдықта барлық сандарды қараймыз да, содан кейін шешім қабылдаймыз», — деді Азамат Әмрин.

Жиынға қатысқан кәсіпкерлерді алдыңғы уақытта нақты шешім қабылданады деп сендірді. Не десек те, жаңа нормалардың күшіне енуіне 10 күн қалды. Алда не болатынын уақыт көрсетеді.

Перейти к новостям спорта