”Ағалық жасап арқамнан қақпадың”: Тұңғышбай Жаманқұлов марқұм Асанәлі Әшімовке жазба арнады - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
”Ағалық жасап арқамнан қақпадың”: Тұңғышбай Жаманқұлов марқұм Асанәлі Әшімовке жазба арнады

”Ағалық жасап арқамнан қақпадың”: Тұңғышбай Жаманқұлов марқұм Асанәлі Әшімовке жазба арнады

ҚР Халық әртісі Тұңғышбай Жаманқұлов кеше ғана өмірден өткен Асанәлі Әшімовке жазба арнады.

  • 22 Желтоқсан
  • 104
Baq.kz

Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

”Асқар тауымыз едің — аласармадың Аспанға кеттің. Мәдиіңді ойлап мұң байладың. Сағиыңды сағынып сал шекпен жамылдың. Қатарыңнан жалғыз едің — соңдарынан кеттің. Қатарымнан жалғызбын — арттарында қалдым. Ағалық жасап арқамнан қақпадың — әлжуаздықтан сақтадың. Көкем болып, көңілімді өсірмедің — кішілігім кем боп жақпадым. Жерлес ретінде жығылғанымда жебемедің — өз күшіме сендірдің. Сүйеніш болмадың — жансірілікке үйреттің. Тірегім болмадың — табаным таймастай тағаладың. Белімді бумадың — бекемдікке баулыдың. Алдымда жүріп, адымымды ұзарттың. Соңыңда қалдырмадың — ізіңде жүргенімді сездің. Қатарымды тептің. Тізеңді батырдың — Мен кештім. Биіктігіңе парапар, Пенделігіңді көрдім — Өзің де кеш. Өкпеге қисам да, өлімгн қимадым. Сарыуайым — сағынышқп айналдың. Қош. Бақыл бол”, — деп жазды Тұңғышбай Жаманқұлов.

Перейти к новостям спорта