ШҚО-ның екі ауданында оқушылар мектепке бармайды - kaz.caravan.kz
  • $ 494.63
  • 583.22
-1 °C
Алматы
2026 Жыл
8 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ШҚО-ның екі ауданында оқушылар мектепке бармайды

ШҚО-ның екі ауданында оқушылар мектепке бармайды

Шығыс Қазақстан облысында аязға байланысты 2 ауданда оқушылар қашықтан оқиды.

  • 24 Желтоқсан 2025
  • 12
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Kazinform-ға сілтеме жасап хабарлайды.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Күршім ауданында ауа температурасының -23-тен -30 градусқа дейін төмендеуі себепті 1 және 2 ауысымдағы оқушылар онлайн форматқа көшірілді. Бұл шешім 0-4 сыныптарға қатысты. 

— Ал Алтай ауданында ауа температурасы -28-тен -32 градусқа дейін төмендеген. Сондықтан Путинцево орта мектебінде, Михаил Бикетов атындағы орта мектепте, Тұрғысын орта мектебінде, Новокрестьянка бастауыш мектебінде, Леснопристань орта мектебінде, Соловьев орта мектебінде және Маяк орта мектебінде 1 және 2 ауысымдағы сабақтар 0-4 сыныптар қашықтан оқиды. Ал Чапаев орта мектебінде және Михаил Харин атындағы мектепте 0-9 сыныптар мектепке бармайды, — делінген ақпаратта.