Қазақстанда ортаазиялық тасбақа мен оның бөліктерін қолдануға тыйым салынды - kaz.caravan.kz
  • $ 511
  • 602.72
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда ортаазиялық тасбақа мен оның бөліктерін қолдануға тыйым салынды

Қазақстанда ортаазиялық тасбақа мен оның бөліктерін қолдануға тыйым салынды

Экология және табиғи ресурстар министрі 2025 жылдың 18 желтоқсанында Қазақстан Республикасының аумағында ортаазиялық тасбақа, оның бөліктері мен туындыларын 2040 жылға дейін қолдануға тыйым салу туралы бұйрыққа қол қойды.

  • 25 Желтоқсан
  • 5
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Zakon.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Бұйрықта:

«Ортаазиялық тасбақа мен оның бөліктерін және туындыларын Қазақстан Республикасының барлық аумағында 2040 жылға дейін қолдануға тыйым салу, тек ғылыми мақсатта қолдануға рұқсат беру» делінген.

Бұйрық 2026 жылдың 4 қаңтарынан бастап күшіне енеді.

Ортаазиялық тасбақа, немесе дала тасбақасы, құрлықтық тасбақалар тұқымдасына жатады.

Негізінен шөлді аймақтарда мекендейді. Қазақстанда заңсыз аулау мен сауда құрбаны бола береді.

Мұндай тасбақалар 10-30 жыл өмір сүреді. Дұрыс күтім жасаған жағдайда ұзақ өмір сүруі мүмкін.

Перейти к новостям спорта