Үш қазақстандық АҚШ-тағы ең қауіпті қылмыскерлер тізіміне енді - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
+3 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үш қазақстандық АҚШ-тағы ең қауіпті қылмыскерлер тізіміне енді

Үш қазақстандық АҚШ-тағы ең қауіпті қылмыскерлер тізіміне енді

АҚШ-тың Ішкі қауіпсіздік министрлігі «ең қауіптілерінің ішіндегі ең қауіптілері» деп аталатын шетелдік қылмыскерлер тізімін жариялады.

  • 26 Желтоқсан
  • 19
Фото - Caravan.kz

Бұл тізімге Қазақстанның үш азаматы да енген, — деп жазады Caravan.kz медиа порталы.

АҚШ-тың Ішкі қауіпсіздік министрлігінің ресми сайтында бұл тізімге АҚШ-тың Иммиграция және кеден полициясы (ICE) қызметкерлері ұстаған ең қауіпті шетелдіктер енгізілгені атап өтілген.

Ведомствоның мәлімдеуінше, министрдің орынбасары Ноэмнің басшылығымен DHS пен ICE қызметтері АҚШ президенті Дональд Трамптың бастамасын жүзеге асырып жатыр. Бұл бастама ауыр қылмыс жасаған адамдардан, соның ішінде заңсыз мигранттардан бастап жаппай депортациялауды көздейді.

Тізімде Қазақстаннан шыққан үш адам көрсетілген. Олардың бірі Алабама штатындағы Бруквуд қаласында ұсталып, шабуыл жасағаны және ұрланған мүлікті иемденгені үшін сотталған. Екіншісі Флорида штатында ұрлық жасады деген айыппен қамауға алынған. Ал үшіншісі Орегон штатында қару қолдана отырып шабуыл жасағаны үшін ұсталған.

Перейти к новостям спорта