Алматы тауларында болған қайғылы оқиғадан кейін төтеншеліктер туристерге үндеу тастады - kaz.caravan.kz
  • $ 494.28
  • 587.06
-7 °C
Алматы
2026 Жыл
13 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы тауларында болған қайғылы оқиғадан кейін төтеншеліктер туристерге үндеу тастады

Алматы тауларында болған қайғылы оқиғадан кейін төтеншеліктер туристерге үндеу тастады

Құтқарушылар туристерге ережелерді сақтауды ескертеді:

  • 29 Желтоқсан 2025
  • 7
Фото - Caravan.kz

Қазақстан ТЖМ баспасөз қызметі таулы жерлерде қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтаудың маңыздылығын ескертеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құтқарушылар туристерге мынандай ережелерді жадыда сақтауды ескертеді:

  • маршрутты зерттеңіз: ұзақтығы, биіктік айырмашылықтары, күрделі жерлері, демалатын орындар;
  • 112 қызметіне, туыстарыңызға немесе достарыңызға қайда, қашан баратыныңызды және қай уақытта оралатыныңызды ескертіңіз;
  • ауа райы болжамын тексеріңіз, тауда ол күрт өзгеруі мүмкін: боран, қар жауу қаупі бар;
  • жергілікті жермен танысыңыз: карта, компас, GPS немесе навигатор алыңыз;
  • дене дайындығыңызды пысықтаңыз, әсіресе маршрут күрделі болса, биікке көтерілу қажет болса;
  • егер қар көшкіні қаупі туралы ескерту жарияланса, тауға шығудан бас тарту ұсынылады. Жаңадан жауған қалың қар байқалса, сапарды екі-үш күнге шегеріп, қардың отыруын күткен дұрыс!

Бұған дейін Алматы тауларына саяхаттаған үш жігіт ұшты-күйлі жоғалып кеткені хабарланған. Кейіннен бірінің, одан соң екеуінің де денесі табылды.