Қостанай облысында жылына 50 мың тонна ет өндіретін құс фабрикасы салынады - kaz.caravan.kz
  • $ 504.76
  • 593.8
+8 °C
Алматы
2025 Жыл
30 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қостанай облысында жылына 50 мың тонна ет өндіретін құс фабрикасы салынады

Қостанай облысында жылына 50 мың тонна ет өндіретін құс фабрикасы салынады

Құс фабрикасы 2028 жылы ашылады деп жоспарланған

  • 30 Желтоқсан
  • 3
ФОТО: Министерство сельского хозяйства Республики Казахстан

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Қостанай облысында құс фабрикасын салуға 73,5 миллиард теңге инвестиция тартылмақ

Федоров ауданының әкімі Тауба Исабаев өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте қазіргі уақытта «ECO broiler» ЖШС құс фабрикасын салу жобасына дайындық жұмыстарын жүргізіп жатқанын мәлімдеді.

Жоба аясында 900 жұмыс орнын ашып, жылына 50 000 тонна (сою салмағы) ет өндіру жоспарланып отыр. Жобаның құны – 73,5 миллиард теңге. Іске асыру мерзімі – 2,5 жыл.

«Жоба инвестицияға дейінгі кезеңде. Жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде. «Федоровский ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі мен ECO BROILER LTD жеке компаниясы арасында жерді резервтеу туралы меморандумға қол қойылды. Жоба жеті жердегі төрт елді мекенде жүзеге асырылады. Бөлініп берілген жер учаскелері 848 гектарды құрады», — деді аудан әкімі.

Құс фабрикасы 2028 жылы ашылады деп жоспарланған.

Перейти к новостям спорта