”Қыздарымды шыршаға қатыстырмағаным үшін тәрбиешіден сөз естідім”: Хиджабтағы келіншек жан айқайын жеткізді - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
”Қыздарымды шыршаға қатыстырмағаным үшін тәрбиешіден сөз естідім”: Хиджабтағы келіншек жан айқайын жеткізді

”Қыздарымды шыршаға қатыстырмағаным үшін тәрбиешіден сөз естідім”: Хиджабтағы келіншек жан айқайын жеткізді

Хиджабтағы келіншек балабақшаға баратын балаларын шыршаға жібермегені үшін тәрбиешіден сөз естігенін айтты.

  • 30 Желтоқсан 2025
  • 879
Видеодан скрин

Оның бұл жайлы айтқан видеосы әлеуметтік желіде тарады, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

”Мен балаларымның жаңа жылға қатысуына рұқсат берген жоқпын. Сол себепті тәрбиешіден “балаларды неге кем қыласыз? Не үшін балалар отбасынан кем болады” деген сөз естідім. Ол кем болмайды. Қазір түсінбейді, кейін санасында қалады. Ешқандай аяз ата жоқ екеніне көздері жетіп өседі. Балалаларды алдап не керек”, — деді хиджабтағы келіншек.