Сәкен Бибосыновқа көлік сыйланды - kaz.caravan.kz
  • $ 504.76
  • 593.8
+10 °C
Алматы
2025 Жыл
30 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сәкен Бибосыновқа көлік сыйланды

Сәкен Бибосыновқа көлік сыйланды

Жуырда ғана Дубай қаласында IBA-ның ұйымдастыруымен өткен әлем біріншілігінде топ жарып, екі дүркін әлем чемпионы атанған Сәкен Бибосыновқа сый-құрмет көрсетілді.

  • 30 Желтоқсан
  • 186
Screenshot

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Түркістанда әлемдік аренада ел намысын абыроймен қорғап, халықаралық деңгейде жоғары нәтиже көрсеткен түркістандық қос спортшыға құрмет көрсетілді.

Облыс әкімі Нұралхан Көшеров каратэші Әсел Қанай мен боксшы Сәкен Бибосыновқа әлем чемпионаттарындағы жетістіктері үшін автокөліктің кілтін табыстап, айрықша құрмет көрсетті.

Еске сала кетейік, Мысыр астанасы Каир қаласында өткен каратэден жекелей әлем чемпионатында Әсел Қанай үздіктер қатарынан көрініп, қола медаль иегері атанды.

Ал Сәкен Бибосынов International Boxing Association ұйымдастырған 2025 жылғы әлем чемпионатының финалында ресейлік Вячеслав Рогозинді төрешілердің бөлінген шешімімен жеңіп, алтын медаль еншілеген еді.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера