2026 жылғы қысқы Олимпиадаға арналған ұлттық құраманың спорттық киімі таныстырылды - kaz.caravan.kz
  • $ 504.76
  • 593.8
+5 °C
Алматы
2025 Жыл
30 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2026 жылғы қысқы Олимпиадаға арналған ұлттық құраманың спорттық киімі таныстырылды

2026 жылғы қысқы Олимпиадаға арналған ұлттық құраманың спорттық киімі таныстырылды

Туризм және спорт министрлігінде 2026 жылғы ақпанда Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында өтетін ХХV қысқы Олимпиадаға қатысатын ұлттық құраманың спорттық киім жиынтығы таныстырылды.

  • 30 Желтоқсан
  • 6
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Жабдықтың техникалық талаптарын келісу, үлгілерін бекіту және жеткізілетін спорттық киімнің сапасын бақылау мақсатында арнайы жұмыс комиссиясы құрылды. Оның құрамына Туризм және спорт министрлігінің, Ұлттық Олимпиада комитетінің, ведомстволық бағынысты ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ танымал отандық спортшылар кірді.

Жұмыс комиссиясы ұлттық құраманың спорттық киімінің эскизін бекітті. Қазіргі уақытта бұл эскиз Халықаралық Олимпиада комитетінде келісу рәсімінен өтіп жатыр.

Спорттық киім жиынтығы 22 атаудан тұрады. Оның ішіне Олимпиаданың ашылу және жабылу салтанаттарына арналған салтанатты форма, жарыс кезеңінде пайдаланылатын жылы сырт киімдер, сондай-ақ оқу-жаттығу жиындары мен күнделікті қолдануға арналған жаттығу және күнделікті киімдер кіреді.

Сондай-ақ министрліктің мәлімдеуінше, ұлттық құраманың спорттық киімі демеушілер есебінен сатып алынған.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера