Теміртауда шыршаны өртеген ер адам қамауға алынды - kaz.caravan.kz
  • $ 512.83
  • 600.58
+2 °C
Алматы
2026 Жыл
7 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Теміртауда шыршаны өртеген ер адам қамауға алынды

Теміртауда шыршаны өртеген ер адам қамауға алынды

Теміртауда көпқабатты тұрғын үйдің кіреберісінде жаңа жылдық шыршаны өртеген ер адам 10 тәулікке қамауға алынды.

  • 4 Қаңтар
  • 5
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы «Адырна«-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Оқиға қаланың көпқабатты үйлерінің бірінде болған. Кадрлардан кіреберісте безендірілген шыршаның лап етіп жанғанын көруге болады. Өрт дер кезінде сөндіріліп, ешкім зардап шеккен жоқ. Тәртіп бұзған адам сол үйдің 33 жастағы тұрғыны болып шықты.

Оның әрекеті бөтеннің мүлкін қасақана бүлдіру ретінде бағаланды. Әкімшілік іс Теміртау қалалық сотына жолданып, сот шешімімен ер адам 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.