Павлодарда иісшіл иттердің көмегімен 200-ден астам қылмыс ашылған - kaz.caravan.kz
  • $ 509.63
  • 592.34
-13 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодарда иісшіл иттердің көмегімен 200-ден астам қылмыс ашылған

Павлодарда иісшіл иттердің көмегімен 200-ден астам қылмыс ашылған

Павлодар қаласындағы кинологиялық орталықта 28 қызметтік-іздестіру иттері бар. Олар өткен жылы мыңнан астам шақыртуға қатысып, 210 қылмысты ашуға үлес қосқан

  • 6 Қаңтар
  • 4
Фото: Павлодар облысы полиция департаменті

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы kaz.inform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Өңірлік полиция департаментінің кинологиялық орталығы қылмыспен күрес жұмыстарына елеулі үлес қосып, әртүрлі қылмыстарды анықтау мен ашуға көмектесуді жалғастыруда. Қызметтік иттер — қару-жарақ пен есірткі заттарын анықтаудың ең тиімді жолы. Сондай-ақ ауыр қылмыстарды ашуға көп көмегі тиіп отыр.

— Өткен жылы қызметтік иттердің көмегімен 130 килограмнан астам есірткі заттарының заңсыз айналымға түсуіне жол берілген жоқ. Әрбір полиция-кинологының негізгі міндеті — қызметтік итті оқиға орнында немесе жедел-іздестіру іс-шаралары кезінде қолдануға дайын болу. Біздің қызметте кездейсоқ адамдар болмайды, өйткені біздің қызметтің негізінде жануарларға деген махаббат жатыр. Еңбексүйгіштік, төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік және зейін — бұларсыз адам мен иттің тиімді тандемі мен қызметтік борышты орындау мүмкін емес, — дейді Кинологиялық қызмет орталығының басшысы Нияз Валиев.

Иттерді жаттықтыру күнделікті жүргізіледі. Иесінің әрбір қимылына төрт аяқты көмекшілер лезде жауап береді. Үйрету бірнеше кезеңнен тұрады, нәтижесінде иттер қажетті дағдыларды меңгереді. «Төрт аяқты полицейлердің» әрқайсысының өз «мамандығы» бар.

Кинологиялық оқу орталығында жануарларды ветеринарлар тұрақты бақылауда ұстайды. Қызметке ит таңдаудан бұрын, ол белгілі талаптар бойынша бағаланады. Кинологтар күнделікті иттермен жаттығулар өткізіп, жалпы үйрету курсынан өтіп, іздестіру дағдыларының ең қажетті түрлерін үйретеді.