“Рэкетир“ фильмінің танымал актері Мұрат Бисембин өмірден өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 509.94
  • 593.88
-3 °C
Алматы
2026 Жыл
9 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
“Рэкетир“ фильмінің танымал актері Мұрат Бисембин өмірден өтті

“Рэкетир“ фильмінің танымал актері Мұрат Бисембин өмірден өтті

Мұрат Бисембин бір жылдан астам уақыт бойы онкологиялық дертпен күресті.

  • 8 Қаңтар
  • 72
Фото: instagram.com/jemappelledali

Қазақстандық танымал актер Мұрат Бисембин 54 жасқа қараған шағында қайтыс болды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Қаралы хабарды оның қызы Instagram парақшасында жеткізді.

Мұрат Бисембин бір жылдан астам уақыт бойы онкологиялық дертпен күресті. Былтыр желтоқсанның соңында актер инсульт алып, шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді. Оған дейін актердің жағдайының ауырлағаны туралы оның жақындары, сондай-ақ әріптестері бірнеше рет айтқан болатын. Соңғы бір жарым жылда Мұрат Бисембин ауруханадан шықпай, ем қабылдап жүрген.

2024 жылдың күзінде оның диагнозы белгілі болып, соған байланысты жаңа жобалардан бас тартып, түсірілімдерді уақытша тоқтатуға мәжбүр болған.

Мұрат Бисембин 1972 жылғы 11 қазанда дүниеге келген. Ол Қызылорда қаласының тумасы. Ауыл шаруашылығының инженер-механигі мамандығы бойынша политехникалық институтты тәмамдаған. «Рэкетир» фильміндегі Руслан рөлінен кейін танымалдылыққа ие болды. Ол үйленген, үш баласы бар.