Қор биржасында теңге бағамы сәл нығайды - kaz.caravan.kz
  • $ 509.84
  • 595.75
+3 °C
Алматы
2026 Жыл
12 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қор биржасында теңге бағамы сәл нығайды

Қор биржасында теңге бағамы сәл нығайды

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы арзандады

  • 12 Қаңтар
  • 3
Фото: uralsweek.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы kaz.inform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 0,24 теңгеге арзандап, 509,84 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы — 509,94 теңге.

Kurs.kz мәліметіне сәйкес, Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 511,19 теңгеден сатып алынады, 514,58 теңгеден сатылады. Еуро 594,19 — 599,15 теңге, ал рубль 6,35 — 6,49 теңге аралығында саудаланады. Ал юань 73,49 теңгеден сатып алынады, 76,66 теңгеден сатылады.

Елорданың ақша айырбастау орындарында:

— доллар 509,00 теңгеден сатып алынады, 516,00 теңгеден сатылады;
— еуро: сатып алу — 590,00 теңге, сату — 600,14 теңге;
— рубль: сатып алу — 6,30 теңге, сату — 6,60 теңге.
— юань: сатып алу — 73,46 теңге, сату — 77,49 теңге.