Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
БЖЗҚ ақпаратынша, қазіргі таңда жарна мөлшерлемесі қызметкердің табысынан 3,5% құрайды.
Жарна мөлшері кезең-кезеңімен өседі:
2024 жылы – 1,5%
2025 жылы – 2,5%
2026 жылы – 3,5%
2027 жылы – 4,5%
2028 жылы – 5%
Еске сала кетсек, 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап барлық жұмыс берушілер Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан өз қызметкерлерінің пайдасына жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын аударуға міндеттеледі.
Маңызды:
Бұл жарналар қызметкердің жалақысынан ұсталмайды. Оларды жұмыс беруші қызметкердің міндетті зейнетақы жарналарына қосымша түрде төлейді.