Тарихтағы ең ірі ереуіл: Нью-Йоркте 15 мың медбике жұмысты тоқтатты - kaz.caravan.kz
  • $ 509.84
  • 595.75
-1 °C
Алматы
2026 Жыл
13 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тарихтағы ең ірі ереуіл: Нью-Йоркте 15 мың медбике жұмысты тоқтатты

Тарихтағы ең ірі ереуіл: Нью-Йоркте 15 мың медбике жұмысты тоқтатты

Нью-Йоркте шамамен 15 000 медбике 12 қаңтарда жалақыны көтеру және еңбек жағдайын жақсарту талабымен ереуілге шықты

  • 13 Қаңтар
  • 3
ФОТО: Нью-Йорк штатының медбике қауымдастығының Facebook парақшасынан алынды

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

ABC News хабарлауынша, бұл ереуіл қала тарихындағы медбикелердің ең ауқымды ереуілі болып саналады.

Нью-Йорк штаты медбикелер қауымдастығының (NYSNA) мәліметінше, кәсіподақ пен ауруханалар өкілдері алдын ала келісімге келе алмағаннан кейін мегаполистегі төрт аурухананың медбикелері жұмысты тоқтатты. Олар жалақыны арттыруды, толық медициналық сақтандыру мен зейнетақымен қамтуды, сондай-ақ жұмыс орнындағы зорлық-зомбылықтан қорғауды талап етті. Айта кетейік, 2023 жылы да ереуілден кейін жасалған медбикелермен келісімшарттың мерзімі 31 желтоқсанда аяқталған.

Өкінішке қарай, аурухана басшылары қауіпсіз пациент күтімінен гөрі пайданы жоғары қойып, медбикелерді ереуілге шығуға мәжбүр етті. Ал біз науқастарымыздың жанында болғанды қалар едік, – деді NYSNA президенті Нэнси Хаганс.

Нью-Йорк штатының губернаторы Кэти Хочул ереуілге байланысты төтенше жағдай жариялап, ауруханалар мен медбикелер кәсіподағын келісімге келуге шақырды.

Сондай-ақ Нью-Йорктың бірқатар шенеуніктері, соның ішінде штаттың бас прокуроры Летиция Джеймс, медбикелерді қолдайтын мәлімдеме жасады.

Медбикелер күн сайын Нью-Йорк тұрғындарының денсаулығын сақтау үшін өз өмірін қатерге тігеді. Оларды ешқашан жеке қауіпсіздігі, пациенттердің әл-ауқаты мен әділ келісімшарттың арасында таңдау жасауға мәжбүрлеуге болмайды. Мен қаладағы барлық ауруханаларды пайданы емес, пациенттерді бірінші орынға қоюға және алдыңғы шептегі медицина қызметкерлері үшін қауіпсіз еңбек жағдайын қамтамасыз етуге шақырамын, – деді Летиция Джеймс.

Аурухана өкілдері жұмыста іркілістер болуы мүмкін екеніне қарамастан, медициналық көмекті көрсетуді жалғастыруға дайын екендерін мәлімдеді. Сондай-ақ олар жедел медициналық жағдайларда пациенттерге көмекке жүгінуді кейінге қалдырмауға және бас тартпауға кеңес берді.