Өңдеу өнеркәсібі былтыр 6,4%-ға өсті - kaz.caravan.kz
  • $ 509.84
  • 595.75
-1 °C
Алматы
2026 Жыл
13 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өңдеу өнеркәсібі былтыр 6,4%-ға өсті

Өңдеу өнеркәсібі былтыр 6,4%-ға өсті

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. Қазақстанда өңдеу өнеркәсібі 2025 жылдың қорытындысы бойынш

  • 13 Қаңтар
  • 3
ФОТО: Пресс-служба акима Карагандинской области /Kuzmichev Dmitriy

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстанда өңдеу өнеркәсібі 2025 жылдың қорытындысы бойынша 6,4%-ға өсті, деп хабарлайды Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі.

2025 жылдың қорытындысы бойынша негізгі өңдеу салаларында оң динамика байқалады, жалпы өсу қарқыны 106,4%-ды құрайды.

Атап айтқанда:

металлургиядағы өндіріс көлемі 1,2%-ға;

химиялық өнімдер 9,8%-ға;

машина жасау саласы өнімдері 12,9%-ға;

құрылыс материалдары 9,7%-ға;

жеңіл өнеркәсіп 13,2%-ға;

резеңке және пластмасса өндірісі 7,6%-ға өсті.

Ал құрылыс жұмыстарының физикалық көлем индексі 2025 жылы 2024 жылмен салыстырғанда 15,9%-ға өсіп, 10,7 трлн теңгеге жетті, бұл жоспарланған көрсеткіштен 0,9%-ға (+85,3 млрд теңге) асып түсті. Өсім елдің 19 аймағында байқалды.