"Күйеуім де шок болды": Өнерге қайта оралған Айдана Меденова орамалы мен сахнаға қатысты бар шындықты жайып салды - kaz.caravan.kz
  • $ 509.75
  • 594.67
-4 °C
Алматы
2026 Жыл
14 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Күйеуім де шок болды": Өнерге қайта оралған Айдана Меденова орамалы мен сахнаға қатысты бар шындықты жайып салды

"Күйеуім де шок болды": Өнерге қайта оралған Айдана Меденова орамалы мен сахнаға қатысты бар шындықты жайып салды

Әнші Айдана Меденова үш жылдық үзілістен кейін өнерге қайта оралды.

  • 14 Қаңтар
  • 58
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Ол «Gakku» арнасына берген сұхбатында сахнадан кетуінің негізгі себептерін ашып айтты.

«Негізі сахнадан кетуімнің артында әртүрлі жағдайлар, сынақтар бар. Шығармашылыққа келер болсақ, сол кезде өте белсенді жұмыс істедік. Күйеуіміз екеуміз команда болдық. Қанша туындылар жазып, бейнебаяндар түсірдік. Өмірімізде де көп нәрселер болып жатты. Бірақ, ешқашан да оны өнерге араластырып, көрсетпейтінбіз. Әрқашан жарқырап, бізде ешқандай мәселе жоқтай жүретінбіз. Өнерден кетердің алдында менде көп жарнамалық интеграциялар болды. Көп компаниялармен жұмыс істедік. Бірақ, жанұямызда сынақтар болып жатты. Бір жыл алдын әкемді жоғалттым. Өте қиын жылдар болды. Дегенмен, жұмыста ештеңені көрсетпедік. Мен де шаршаған шығармын, сол кезде маған үзіліс керек болды. Бірден «өнерден кетемін» деген шешім қабылдағанда күйеуім де шок болды. Түрлі жағдайларда, қатты қиналғанда «мен болдым, өнерден кетемін» деп айтып жүрдім. Оның үстіне біз тым талапшылмыз. Оны мойындаймыз. Жұмыс істегенде «жарайды, осы болады» деген сөздер қолданбаймыз. Жасасақ, сол іске 100% берілеміз. Концерт, образ, бейнебаян секілді жоспарларды аяғына дейін орындаймыз. Қазір қарап тұрсам, соның барлығанан шаршаған сияқтымын», — дейді ол.

Сондай-ақ, әнші туыстарының да оны орамал тағып, өнерден қол үзуі күйеуінің талабы деп ойлағанын жасырмады.

«Біздің жанымызда жүрген әріптестеріміздің өзі менің күйеуім маған сахнаға шығуға тыйым салды деп ойлайды екен. Оны кейіннен біліп, қатты таң қалдым. Тіпті туысқандарымның ішінде де күйеуім өнеріме тыйым салып, орамал таққызды деп ойлайтындар бар екен. Негізі біздегі ішкі картина көрген адамдар ешқашан да олай ойламайды», — дейді Айдана Меденова.

Айта кетейік, бірер күн бұрын Айдана Меденова өзінің Instagram желісіндегі парақшасына ән шырқап отырған видеосын жариялады. Әншінің аталмыш видеода хиджабсыз отырғанын желі қолданушылары қызу талқылауда. Алайда өнер иесінің өзі орамалына қатысты ресми мәлімдеме жасаған жоқ.