Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Ұлттық бірыңғай тестілеудің мазмұнын өзгерту бойынша жұмыс топтары құрылды. Бұл туралы ғылым және жоғары білім вице-министрі Талғат Ешенқұлов мәлімдеді.
Бұған дейін министрлік келесі жылдан бастап тест тапсырмаларының мазмұны халықаралық тестерге бейімделетінін мәлімдеген болатын. Сол кезде талапкерлердің дағдысын анықтауға басымдық беріледі.
«Қазіргі кезде бұл мәселені талқылау басталды. Жұмыс топтары енді ғана құрылды. Біз бұны жан-жақты талқылап, бірнеше шешім әзірлейміз», — деді Ешенқұлов сенатта өткен брифингте.
Айта кетері, ҰБТ-ның жаңа форматы 2027-2029 жылдар аралығында санықтан өткізіледі. Ал талапкерлерге қосымша жүктеме түспеуі керек, керісінше, алған білімді қолдану деңгейін анықтауға мүмкіндік болады.