"Ақша болмай қалуы мүмкін емес": Дариға Бадықова тағдыр саны туралы бар шындықты жайып салды - kaz.caravan.kz
  • $ 510.95
  • 594.49
-13 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Ақша болмай қалуы мүмкін емес": Дариға Бадықова тағдыр саны туралы бар шындықты жайып салды

"Ақша болмай қалуы мүмкін емес": Дариға Бадықова тағдыр саны туралы бар шындықты жайып салды

Мальдив аралдарында демалған Дариға Бадықова жаңа жазба жариялап, оқырмандарын ойландырып қойды.

  • 16 Қаңтар
  • 69
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Танымал актриса, продюсер Дариға Бадықова Instagram желісіндегі парақшасында өміріндегі қорған болар адамның маңызы туралы айтты.

«Бұл ел, ерекшелігімен есте қалды. Шексіздікті сезу. Аспанның көк түсін байқадым, судың мөлдірін көрдім. Көп нәрсе сұрадым. Менің кейінгі кезде көп сұрайтыным, күш-қуат және қорғаныс! Қорған жоқ болса, тұңғиыққа кетіп қаламын. Әйел затына тіледім, әйелдік нәзіктікті сақтап қалатын, қорғайтын жандарыңыз болсын», — деп жазды актриса.

Сондай-ақ, ол Instagram stories-те нумерология бойынша өзінің мінезі мен тағдыры туралы да сыр шертті.

«Жалпы бірлікпін! 1 күні туылғанмын тағдыр саным 9. Бұл да бір ілім ғой, арасында сәйкестік болады енді. Лидерлік қыр, корона киетініміз бар королева болып. Перфекционист, көне ойланатынымыз бар, сабырсыздық бар, қарсы шыққан адамды өмірде жоқтай шығарып тастайды. Сөзге еріп біреуді тыңдай қою қиын, тез шешім қабылдау бар, байлық код бар. Ақшалары болмай қалуы мүмкін емес.

Көңілі ауған адамға барынша көмектеседі, бөлісуге жақсы. Жалпы көп ойланбайды, сол үшінбе жолы болғыш. Өздері адал, басқалардан адалдық күтіп қуып кетеді.

Миссия саны 9. Әдетте жанашырлық, гуманизм, өнер, рухани өсу және адамдарға пайда әкелу энергиясы. Адамдарды сүйреймін деп шаршап қалады. Ол адамдар өздері жеткендей аяғында қоқиланылып шығады. Бұл байғұс келесі адамды көтеруді күтеді. Шекарасыздық, «жоқ» деп айта алмайды. Өзінің уақыты, энергиясы, ақша жағын құрбан етеді. Перфекционизм, әділетсіздікке шыдамайды, әлемді түзеткісі келеді, бірақ мүмкін болмаған кезде күйзеліс береді. Шамадан тыс эмоция, басқаның ауыртпалығын өзіне алады. Көңілі тез түседі. Ренжітіп алғандай сезіліп, ішіне жиналады. 1 – күні туғандар барма? Жағдай осы. Жүректің энергиясы. Егер плюсына көтерілгенде: Шекара қояды, эмоцияны реттейді, өзі үшін де, әлем үшін де жасай бастайды. Плюста жүріп өзімізді ойлайық. Түбі түскен шелек болмай, жан-жағымыздағы арамдардан үйренейік», — деп жазды ол.

Айта кетейік, Дариға Бадықова қазір еліміздегі табысты продюсерлердің бірі. Оның «Таптым-ау сені» фильмі 2 миллиар теңге касса жинап, рекорд орнатса, «Таптым-ау сені 2» және 2025 жылы жарық көрген «Ыстық ұя» драмасы да көрермен тарапынан жоғары бағаланып, прокатта 1 миллиард теңгеден астам табыс жинаған.