Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Қаралы хабарды Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек жеткізді.
«Жатқан жеріңіз жайлы, топырағыңыз торқа болсын, Рауза апа! Айтқан сөзіңіз, тілегіңіз жүрегімде, Мұрат Тәжімұратұлы ағамыз екеуіңіз әрдайым жүрегімде боласыздар!» — деді ол.
Айта кетейік, Рауза Ахметқызы 1956 жылы Мәскеу мемлекеттік университетін тәмамдаған. Қазақ КСР Молекулалық биология және биохимия институтының директоры қызметін атқарған.
1956-2016 жылдары Қазақстан Ғылым академиясында еңбек етті. Ол — ғылым докторы, профессор.