Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Бұл туралы Президенттің көмекшісі — баспасөз хатшысы Руслан Желдібай хабарлады. Ұлттық құрылтай отырысы 20 қаңтарда Қызылордада өтеді.
«Сыр бойындағы жиында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сөз сөйлеп, Қазақстанның келешек даму бағдары мен қоғамдағы өзекті мәселелер туралы ойларын ортаға салады», — деп жазды Руслан Желдібай.
Ұлттық құрылтайдың бұған дейінгі отырыстары:
- 2022 жылы – Ұлытауда;
- 2023 жылы – Түркістанда;
- 2024 жылы – Атырауда;
- 2025 жылы – Бурабайда өтті.