ҚР азаматтығын алу: қазақ тілі мен Қазақстан тарихын білуге арналған тестілеу ережесі бекітілді - kaz.caravan.kz
  • $ 512.16
  • 594.72
-12 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР азаматтығын алу: қазақ тілі мен Қазақстан тарихын білуге арналған тестілеу ережесі бекітілді

ҚР азаматтығын алу: қазақ тілі мен Қазақстан тарихын білуге арналған тестілеу ережесі бекітілді

Ғылым және жоғары білім министрі 2026 жылғы 12 қаңтардағы бұйрықпен мемлекеттік тілді бастауыш деңгейде білу көлемін, ҚР Конституциясының негіздерін, сондай-ақ ҚР азаматтығына қабылдау кезінде Қазақстан тарихын анықтау бойынша тестілеуді өткізу қағидаларын бекітті

  • 19 Қаңтар
  • 4
ФОТО: zakon.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы zakon.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстан Республикасының азаматтығына үміткер (тестіленуші) білу көлемін айқындау мақсатында тестілеуден өтеді.

Қағидалар кәмелетке толмағандарға, әрекетке қабілетсіз адамдарға, Қазақстан Республикасына сіңірген айрықша еңбегі бар не Қазақстан Республикасының Президенті белгілейтін тізбе бойынша кәсіптерге ие және талаптарға сай келетін адамдарға, этникалық қазақтарға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар негізінде жеңілдетілген тәртіппен Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға құқығы бар адамдарға қолданылмайды.

Тестілеу келесі блоктардан тұрады:

  • тілдік білімді бағалау жүйесінің қарапайым деңгейі бойынша қазақ тілін білуін айқындауға арналған тест (қазақ тілінде);
  • Қазақстан Республикасы Конституциясының негіздері бойынша тест (қазақ немесе орыс тілінде);
  • Қазақстан тарихы бойынша тест (қазақ немесе орыс тілінде).

Тест тапсырмаларының жалпы саны – 100, оның ішінде:

  • қазақ тілі бойынша – 30 , оның ішінде:

— тыңдалым бөлігі бойынша – 15,

— оқылым бөлігі бойынша – 15;

  • Қазақстан Республикасы Конституциясының негіздері бойынша – 40;
  • Қазақстан тарихы бойынша – 30.

Тестілеуде ұсынылған төрт жауаптың ішінен бір дұрыс жауап таңдалатын тест тапсырмалары қолданылады. Дұрыс жауап бір балмен бағаланады.

Тестілеуге берілетін жалпы уақыт 2 сағат 10 минутты құрайды.Барлық топтағы мүгедектігі бар адамдарға қосымша 30 минут беріледі.

Шекті балл кемінде 50 балды құрайды, оның ішінде блоктар бойынша:

  • қазақ тілі бойынша – кемінде 15 балл;
  • Қазақстан Республикасы Конституциясының негіздері бойынша – кемінде 20 балл;
  • Қазақстан тарихы бойынша – кемінде 15 балл.

Тестілеу күнтізбелік жылдың ақпан және тамыз айларында жылына 2 рет өткізіледі. Тестілеуді өткізу мерзімдері мен пунктін ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган айқындайды.

Тестіленуші тестілеуге кіргізу кезінде келесі құжаттардың түпнұсқаларының бірін ұсынады:

  • азаматтығы жоқ адамның куәлігі немесе шетелдік паспорт;
  • шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхаты.

Тестілеу қорытындысы бойынша шекті балды еңсерген шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарға нысан бойынша қазақ тілінде электрондық сертификат беріледі. Шекті балды еңсермеген кезде электрондық сертификат берілмейді.

Электрондық сертификат тестілеу аяқталғаннан кейін тестіленушінің жеке кабинетінде қолжетімді (апелляцияға өтініш берген тестіленушілерді есепке алмағанда) болады.

Электрондық сертификат ҰТО-ның сайтына (https://certificate.testcenter.kz) тестіленушінің жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) және жеке кодын енгізу арқылы расталады.

Электрондық сертификаттың жарамдылық мерзімі берілген күнінен бастап 2 жылды құрайды.