Өрескел, жабайы қылмыс - Қасым-Жомарт Тоқаев қыз алып қашу туралы - kaz.caravan.kz
  • $ 507.05
  • 594.82
-13 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өрескел, жабайы қылмыс - Қасым-Жомарт Тоқаев қыз алып қашу туралы

Өрескел, жабайы қылмыс - Қасым-Жомарт Тоқаев қыз алып қашу туралы

Қызылордада өтіп жатқан Ұлттық құрылтайдың V отырысында сөз сөйлеген Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі қыз алып қашу жағдайлары туралы ойын айтты

  • 20 Қаңтар
  • 4
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

«Қыз алып қашу – адам ұрлау деген сөз, бұл – ұлтымыздың беделіне нұқсан келтіретін өрескел, жабайы қылмыс. Ондай қатігездікке ешқашан жол беруге болмайды. Жыл өткен сайын халықтың сана-сезімі өсіп, қоғамда азаматтық жауапкершілік деңгейі артып келеді», — деді Мемлекет басшысы.

Президент елдегі заңның бәріне бірдей екенін атап өтті.

«Заң мен тәртіп – бәріне ортақ. Еліміздің әрбір азаматы заң талаптарын бұлжытпай орындауға тиіс», — деді Президент.

Айта кетейік, бүгін Қызылордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ұлттық құрылтайдың V отырысы өтіп жатыр.