"Кассалық түсімнің 50%-ын алып қояды": Киногерлер депутаттың сынымен қаншалықты келіседі - kaz.caravan.kz
  • $ 509.63
  • 592.34
-9 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Кассалық түсімнің 50%-ын алып қояды": Киногерлер депутаттың сынымен қаншалықты келіседі

"Кассалық түсімнің 50%-ын алып қояды": Киногерлер депутаттың сынымен қаншалықты келіседі

Мәжіліс депутаты, "Amanat" партиясы фракциясының жетекшісі Елнұр Бейсенбаев ірі кинотеатр желілері прокаттың алғашқы күннен бастап кассалық түсімнің 50 пайызын бірден алатынын жеткізіп, қатаң сынға алған еді.

  • 20 Қаңтар
  • 3
Жасанды интеллект

Бұл жайлы киногерлердің ойы қандай екенін Caravan.kz медиа порталының тілшісі анықтап көрді.

Белгілі драматург, сценарист Қанат Рамазан депутаттың айтқан ойымен мүлдем келіспейді, оның пікірінше барлық дамыған елдердің кинотеатрларында да осындай баға.

«Мен, депутат Елнұр Бейсенбаевтың логикасын ұға алмадым. Қазақстанда кинотеатрлардың барлығы жекеменшік екені рас. Яғни, кинотеатрды салған адам бәленбай жылын сарп етіп отбасына бөле алмаған уақытын арнап жүріп, несиеге батып жүріп кинотеатрлар салады. Әлем қалай жұмыс жасайды деп, сол стандартқа сай өз бағасын белгілейді. Әлемнің дамыған және дамушы елдерінде барлық кинотеатрлар 50-де 50 деп жұмыс жасайды, Қазақстанда да солай» — деді сценарист.

Өзге елдерде кинотеатрлардың кинодан түсетін ақшаның қанша пайызын алатынын анықтап көрдік.

Голливуд — әлемдегі ең ірі кино нарығы. АҚШ-та фильм прокаты кезінде алғашқы апталарда продюсерлерге көбірек тиесілі болады.

Алғашқы 1-2 аптада кинотеатрлар шамамен 40-45%-ын алса, ал кейінгі апталарда кинотеатр үлесі 50% немесе одан да жоғары.

Франция, Германия және Ұлыбритания елдерінде кинотеатрлар үлесі 45-55%-ды құраса, ал Жапонияда кинотеатрлардың үлесі 60 %-ға дейін барады.

Неліктен кинотеатрлар мұнша пайыз алады?

Кинотеатр табысының бұл үлесі келесі шығындарды жабуға кетеді:

Ғимаратты жалға алу

Қызметкерлердің жалақысы

Дыбыс, экран, проектор жаңарту

Коммуналдық төлемдер

Маркетинг пен қауіпсіздік.

Кинотеатрлар үшін басты табыс көзі — билет емес, қосымша сатылым (попкорн, сусын).