"Әлназарова жауап берсін": Бақытжан Базарбек МӘМС-тегі былық туралы - kaz.caravan.kz
  • $ 506.7
  • 593.14
-12 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Әлназарова жауап берсін": Бақытжан Базарбек МӘМС-тегі былық туралы

"Әлназарова жауап берсін": Бақытжан Базарбек МӘМС-тегі былық туралы

Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек МӘМС-тегі былыққа Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованың жауап беруі талап етті.

  • 21 Қаңтар
  • 4
Фото: Үкімет

Бұл туралы Stan.kz-ке сілтеме жасаған Caravan.kz. хабарлайды.

Депутаттың айтуынша, қазіргі Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова саланы дайын қиындықтармен қабылдап алып, дағдарыстан шығарды. Алайда оған да нақты талаптар қойылуы керек дейді. 

“Егер белгіленген мерзімде жағдай түзелмесе, жауапкершілікті қазіргі министр көтеруі тиіс”, – деді депутат.

 Депутаттың айтуынша, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі қадағалау функциялары 2015–2016 жылдардан кейін әдейі әлсіретілген.Ссоның салдарынан қаржы әртүрлі схемалар арқылы шығарылған дейді. 

“Біздің түзетуімізді президент қолдады. Фармакологиялық және медициналық бақылау қадағалау жүргізіп отыр. Бірақ тәжірибе көрсеткендей, ұрлық тоқтаған жоқ. Бұрын қалай ұрланса, қазір де солай жымқырылып жатыр”, – деді ол.

Депутаттың айтуынша, қазір қаржылық бақылау толықтай Қаржы министрлігінің құзыретіне берілген.

“Уәкілетті орган ретінде Денсаулық сақтау министрлігі қор бойынша өз мәртебесін сақтайды. Қор Қаржы министрлігінің қарауына өтпейді. Бірақ міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының қаржыландырылуы ашық болуы тиіс. Бұрын қордың есеп жүйесі мемлекеттік ортақ жүйемен сәйкес келмеді. Соның салдарынан ауқымды ақша ұрланған”, – деді Базарбек.

Сондай-ақ ол міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында бірнеше қылмыстық іс қозғалуы мүмкін екенін айтты.