”Қарумен өзін-өзі атып өлтірген”: Түркістан облысында сарбаздың денесі табытпен оралды - kaz.caravan.kz
  • $ 503.35
  • 590.63
0 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
”Қарумен өзін-өзі атып өлтірген”: Түркістан облысында сарбаздың денесі табытпен оралды

”Қарумен өзін-өзі атып өлтірген”: Түркістан облысында сарбаздың денесі табытпен оралды

Түркістан облысында сарбаз өлі күйінде табылды

  • 26 Қаңтар
  • 18
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы журналист Гүлмира Әбіқай Facebook желісіндегі парақшасында жазды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

”Түркістан облысының Өргебас ауылында бір әулет боздап қалды. Енді 2 айдан соң әскерден келеді деп күткен ұлдың өзі емес денесі қорғасын табытпен оралды.
«Денесін ашуға, көруге болмайды. Сарбаз нарядқа түскен күні сейфті жұлып ашып, қарумен өзін-өзі атып өлтірген, өзім шоктамын» деп жеткізді қаралы хабарды бөлім командирі анасына
Аңырап әке, есінен танып анасы қалды.
Абай облысы, Жаңғызтөбедегі 47007 ә/б қатардағы сарбаз Қазыбек Оспанов 23.01.2026 қайтыс болды. Денесімен бірге жеткен медициналық анықтамада: очаговая травма головного мозга деп көрсетілген. Марқұм отбасындағы 5 баланың кенжесі еді…
P.S. Әскердегі өлім қашан тоқтайды? Соғыссыз, бейбіт күнде ажал құшқан сарбаздардың өлімін кім тоқтатады”, — деп жазды журналист.