Балаларды желіден шектеу: Үкімет батыл шешім қабылдауға ниетті - kaz.caravan.kz
  • $ 501.79
  • 595.07
-1 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Балаларды желіден шектеу: Үкімет батыл шешім қабылдауға ниетті

Балаларды желіден шектеу: Үкімет батыл шешім қабылдауға ниетті

Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова балалардың деректері тіркелетін цифрлық платформаларға қойылатын талаптар күшейтілетінін мәлімдеді

  • 27 Қаңтар
  • 2
ФОТО: baq.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Министрдің айтуынша, қолданыстағы заңнама аясында балалардың жеке деректері бекітілетін платформаларға бақылау қатаңдатылады.

Балаларды әлеуметтік желілердегі зиянды контенттен қорғау мақсатында оларды әлеуметтік желілерге тіркеу, қолжетімділік және пайдалану жасына қатысты заңнамалық тетіктер әзірленіп жатыр. Бұл мәселелер біздің эксперттермен және азаматтық қоғам өкілдерімен бірлесіп талқылануда. Балаларды зиянды контенттен қорғау үшін жас ерекшеліктеріне байланысты бірқатар нақты тетіктер бекітіледі, – деді Жұлдыз Сүлейменова.

Өз кезегінде Премьер-министр Олжас Бектенов аталған бағытта батыл шешім қабылдау қажеттігін атап өтті.

Осы бағытта батыл шешім қабылдау қажет, – деп түйіндеді Үкімет басшысы.