"Әрі итеріп, бері жұлқып": Елена Әбдіхалықова мемлекеттік театрға ренішін білдірді - kaz.caravan.kz
  • $ 503.9
  • 603.32
-1 °C
Алматы
2026 Жыл
29 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Әрі итеріп, бері жұлқып": Елена Әбдіхалықова мемлекеттік театрға ренішін білдірді

"Әрі итеріп, бері жұлқып": Елена Әбдіхалықова мемлекеттік театрға ренішін білдірді

Композитор әрі әнші Елена Әбдіхалықова мемлекеттік театрға ренішін білдірді.

  • 29 Қаңтар
  • 29
Астана телеарнасы

Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

«Бірнеше күн бұрын досым, әрі әріптесім, әрі бауырымдай болған Табылды Досымов туралы қойылымға шақырту алған едім. Оның үстіне сол театрдан әкімші қыз бала қоңырау шалып, арнайы тағы шақырған соң, қуана бардым. Әдетте, барғым келген қойылым, концерттерге өзім билет сатып алып барғанды жөн көремін. Бұл жолы арнайы шақырып тұрғасын , бір жағы көптен бері осы қойылымды көрудің реті келмей жүргесін «сәті түсті-ау» деп, сонау жерге қала кептелісімен аптыға барғанымды қайтейін… Партерге кірер жердегі қыз: » Шақырумен келсеңіз, мұнда орын жоқ, 2-қабатқа барыңыз» деді, 2-қабатқа барсам, ол жердегі қыз: «мұнда орын жоқ, 3-қабатқа барыңыз» дейді. «ол жақта орын бар ма екен, арнайы шақыру билетімен келіп тұрмыз» десем, «білмеймін» деп жауап берді. Түстері суық… Сөздері зілдей..

Сонымен, кері қайттым…

Сонда мені неге шақырған?…

P.S. Негізі таудай Табылдыны да қолында шұнақ билігі барлар әрі итеріп, бері жұлқып, осылай өлтіріп еді», — деп жазды Елена Әбдіхалықова.