”Шалбардың ішіндегі есеппен болмау керек”: Дінтанушы тоқал алу мәселесі туралы - kaz.caravan.kz
  • $ 503.9
  • 603.32
-2 °C
Алматы
2026 Жыл
29 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
”Шалбардың ішіндегі есеппен болмау керек”: Дінтанушы тоқал алу мәселесі туралы

”Шалбардың ішіндегі есеппен болмау керек”: Дінтанушы тоқал алу мәселесі туралы

Дінтанушы Кеңшілік Тышқанұлы діннің негізгі мақсаты туралы айтты.

  • 29 Қаңтар
  • 415
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

”Qasqa Jol” YouTube арнасына берген сұхбатында “қазіргі діндарлардың көпшілігі материалистер” деген пікір айтты.

«Біз діннің мақсатын түсінбегендіктен Құдайға жақындаудың құралы ретінде емес, мағынасын түсінбей бір белгілі пайданың көзі ретінде, перде ретінде пайдаланамыз. Пайғамбардың бір өсиетінде “ақырзаман жақындаған кезде адамдар адамдар Құран оқиды бірақ көмекейінен төмен түспейді” деп айтылған екен. Ауызбен Құран оқығанмен жүрек оны сезбесе оның бес тиын пайда жоқ. Сондықтан қазіргі діндарлардың көбісін мен материалистер деймін. Көпке топырақ шашпаймын, арасында жақсылары да бар ғой. Материализмнің атын өзгерткені болмаса, адам өзгермейді. Сен намаз оқымайсың ба онда кәпірсің, анау намаз оқымай ма онда діннен шығып кеткен дейді. Біреудің дінімен күресіп жатыр. Шын мәнісіне келгенде Құдайға жақын адам біреумен күреспейді, өзінің проблемасын ойлайды. Бұрынғы діндар, әулиелерді, ишандарды неге халық әлі күнге дейін жақсы көреді? Өйткені олар ешкімнің дінімен күрескен жоқ. Олар тек ғана айналасына нұр шашып, ізігілігін таратып жүргеннен кейін адамдарға олардан негатив шыққан жоқ, діннің негізгі мағынасын түсінді», — деді ол.

Сондай-ақ, ғалым тоқал мәселесіне де тоқталды.

«Әсіресе өздерін діндар деп санап жүрген адамдардың ортасында 4 әйел алуға рұқсат дегенді міндет ретінде алып алған. Кейбір уағызшылар бір әйел алу мұсылмандар емес деген үзінділерін көзім шалып қалды. Бұл дұрыс нәрсе емес. Өйткені, Құранның аятында: «Егер сендер әділеттілік сақтаудан қорықсаңдар бір әйелді қанағат етіңдер» дейді. Бұл — 4 әйел туралы аяттың жалғасы. Біздікілер бірінші аяттың алдыңғы бөлшегіне ғана қарайды да соңғы жағын оқымайды. Ал, әділеттілік деген адамның қолынан оңай келетін шаруа емес. Екінші әйеліңіз сұлу, үшіншіңіз қылықты немесе төртінші әйеліңіздің тамағы дәмді. Сіз қалай төртеуіне бірдей қарайсыз?! Не болмаса бірінші әйеліңіз жас кезіңізде бірге болды, қиыншылықты бірге кешті, аяққа тұруға көмектесті. Ал сіз аяққа тұрғасын ырбаңдатып біреуді алып, ананы жылатып тастайсыз. Қандай әділеттілік? Бала-шағаңыз ше? Әрине, болмайды деп те айтуға болмайды. әркімнің басында әртүрлі тағдырлар бар. Бұл тағдырдың басқа салғынымен болу керек. Ұлы сөзде ұят жоқ, шалбардың ішіндегі есеппен болмау керек», — деді дінтанушы.