Әскерде ЖИ бар бақылау жүйесі енгізіледі - kaz.caravan.kz
  • $ 503.9
  • 603.32
-2 °C
Алматы
2026 Жыл
29 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әскерде ЖИ бар бақылау жүйесі енгізіледі

Әскерде ЖИ бар бақылау жүйесі енгізіледі

Қорғаныс министрінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары Асқар Мұстабеков әскери бөлімдердің бейнекамералармен қаншалықты қамтылғанын айтып, осы саладағы жаңашылдық туралы мәлімдеді

  • 29 Қаңтар
  • 4
ФОТО: ЖИ

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Айтуынша, қазір барлық бөлімдерде бейнебақылау жүйесі енгізіліп жатыр.

Қазіргі уақытта 15 мыңнан астам камера орнатылды, бірақ “өлі аймақтар” қалмауы үшін қосымша тағы да камералар қажет. Сондай-ақ пилоттық жоба аясында кейбір бөлімдерде түрлі заңбұзушылықтарды анықтап, кезекшілерге хабар бере алатын жасанды интеллект элементтері бар бейнекамералар орнатылып жатыр, – деп атап өтті Асқар Мұстабеков.

Вице-министр соңғы қайғылы жағдайларға қатысты видеожазбалар ата-аналарға көрсетілгенін де айтты.

Соңғы трагедиялық жағдайлар бойынша: ата-аналар оқиға орнында болды, біз оларға жазбаларды көрсеттік, ештеңені жасырған жоқпыз, – деді вице-министр.