Біреудің ашынасы болғанша, өлгенім артық - кәсіпкер - kaz.caravan.kz
  • $ 503.17
  • 600.89
-5 °C
Алматы
2026 Жыл
30 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Біреудің ашынасы болғанша, өлгенім артық - кәсіпкер

Біреудің ашынасы болғанша, өлгенім артық - кәсіпкер

Кәсіпкер Әйгерім Қосмұратова күйеуімен 17 жыл отасқанын, сосын өзі талақ сұрап ажырасқанын мәлімдеді.

  • 30 Қаңтар
  • 16
Instagram/Qazaq.Airan

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Бұл туралы ол Qazaq Airan YouTube жобасына берген сұхбатында мәлімдеді.

«Бір жыл бұрын білдім, өзімді психологиялық тұрғыда дайындай бастадым. Артымнан сөз еретінін білдім. Ажырасуға барған кезде, мен өзім талақ айтқанын талап еттім. Бұларда бірінші заңды некені бұзу емес, талақ кетеді. Мен ары қарай шыдай алмайтынымды білдім. Мен өз бала-шағамды қорғауға шығу керек екенін түсіндім, себебі шошыдым. Сирия деген нәрсені естіген кезде, шоши бастадым. Өйткені менің балам мен қызым Сирияға сатылып кетпейтініне, ешкім 100 пайыз кепіл бере алмайтын еді.

Үш баламен жалғыз қалдым. Жаспын, қарызым өте көп. Не үшін менімен олай жасады деген сұрақ болды менде. Не үшін? Мен изменаға барған жоқпын, мен адал жар болдым. Ақшаны да таптым, кредитке баттым. Сенің мәртебеңді жоғары көтеру үшін, бәріне бардым.

Мен жақтан ешқандай қателік болған жоқ, не ішемін, не жеймін деген нәрсе болмады бізде. Әкем өзінен жырып тұрып, бізге әкелетін. Осылар семья болып кетсе екен деп, анам да солай жасады. Бар айтқандары осылар семья болып кетсе екен дейтін. Бірақ бір өкініш болды менде.

Не үшін сен үйді, өз туған бала-шағаңды сатып кетесің? Осы сұраққа әлі жауап бересің алдыма дедім. Сол кезде қазақтың еркектеріне тас лақтырса да, айтатын жөнім бар. Ажырастыңдар ма, қалып бара жатқан бала-шағаңның жасап кет. Кез келген әйелде ажырасқан кезде екі жол болады.

Сен бірінші жолмен кетсең, маңдай теріңмен ақша табасың, күн-түн жұмыс істейсің, өзіңді ұмытасың. Жастығыңа крест қойып қоясың. Тек бала-шағаны ғана ойлайсың. Немесе басқа жолды тауып алсаң, жақсы бір көңілдесті тауып аласың. Ол саған қазіргі заман талабына сай, ақшалай көмектеседі.

Бірақ мен ойладым, ертеңгі күні мен біреудің ашынасы болып жүргенше, өлгенім артық», — деді ол.