Конституция жобасына қатысты фейк таратқан алматылық айыппұл арқалады - kaz.caravan.kz
  • $ 501.02
  • 597.27
+2 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Конституция жобасына қатысты фейк таратқан алматылық айыппұл арқалады

Конституция жобасына қатысты фейк таратқан алматылық айыппұл арқалады

Алматы қалалық полиция департаменті әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде тараған "жаңа Конституция жобасының мәтінінде шетелдіктерге жер сатуға тыйым алынды" деген ақпаратқа қатысты пікір білдірді

  • 1 Ақпан
  • 3
depositphotos.com

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Ведомствоның баспасөз қызметі өкілдері бұл мәліметтердің шындыққа жанаспайтынын және деректердің бұрмаланғанын атап өтті.

«Жер мен табиғи ресурстарға қатысты нормалар ешқандай өзгеріске ұшыраған жоқ және қолданыстағы Конституция талаптарына толық сәйкес келеді», – делінген хабарламада.

Полицияның мәліметінше, жалған ақпарат таратудың деректеріне құқықтық баға берілген.

«Алматы қаласының аудандық әкімшілік сотының қаулысымен А. есімді тұрғын көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін кінәлі деп танылып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оған 20 АЕК мөлшерінде (шамамен 26 мың теңге) айыппұл салынды», – деп мәлімдеді баспасөз қызметі.

Полиция қоғамдық кеңістікте жалған ақпарат тарату заңнамада көзделген жауапкершілікке әкелетінін еске салды.