"Мұны қабылдау қиын": Шавкат Рахмонов күтпеген мәлімдеме жасады - kaz.caravan.kz
  • $ 501.02
  • 597.27
+1 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Мұны қабылдау қиын": Шавкат Рахмонов күтпеген мәлімдеме жасады

"Мұны қабылдау қиын": Шавкат Рахмонов күтпеген мәлімдеме жасады

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмонов UFC алаңына шықпауына не себеп болғанын түсіндірді

  • 1 Ақпан
  • 3
Inbusiness.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Inbusiness.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Отандасымыз Х әлеуметтік желісіндегі жазбасында екінші рет ота жасатқанын және торлы алаңға шығу мерзімі тағы да кейінге шегерілгенін мәлімдеді.

– Жауынгердің жолы ешқашан оңай болған емес. Өмір бізге жеңе алмайтын қиындықтарды бермейді. Әрбір арманның өз құны бар, кейде ол денсаулыққа байланысты болады. Бүгін шындығын айтсам, жарақатыма байланысты тағы бір операция жасауға тура келді. Толық қалпына келу үшін уақыт қажет. Сондықтан октагонға оралуым кейінге қалдырылды, – деді Шавкат Рахмонов.

Ол бұл жаңалықтың өзі үшін ауыр болғанын да жасырмады.

– Мұны қабылдау қиын. Алайда әрбір шегініс үлкен жоспардың бір бөлігі екеніне шын жүректен сенемін. Мен бұрынғыдан да күштірек, ақылдырақ әрі аш күйде ораламын. Мақсатым өзгерген жоқ – UFC белбеуін Қазақстанға әкелу. Қандай жағдай болмасын, мені қолдап жүрген жандарға алғыс айтамын, – деді спортшы.

Алдын ала мәліметке сәйкес, Шавкат Рахмоновтың толық қалпына келуі үшін кем дегенде 9 ай қажет.