”Нағыз мықтылар жеңетін жарыс”: Жәмила Бақбергенова халықаралық турнирде топ жарды - kaz.caravan.kz
  • $ 501.02
  • 597.27
+6 °C
Алматы
2026 Жыл
2 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
”Нағыз мықтылар жеңетін жарыс”: Жәмила Бақбергенова халықаралық турнирде топ жарды

”Нағыз мықтылар жеңетін жарыс”: Жәмила Бақбергенова халықаралық турнирде топ жарды

Еліміздегі әйелдер күресінің көшбасшысы Жәмила Бақбергенова Ресейде өткен халықаралық турнирде топ жарды.

  • 2 Ақпан
  • 121
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

72 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен ол финалда моңғол қызы Болортунгалаг Зоригт тізе бүктірді.

Спортшы жарыстан кейін әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялап, мақсатына жеткенін айтты.

“Жыл басындағы алғашқы жеңіс. Красноярск қаласында өткен Иван Ярыгин турнирінде чемпион атандым.

Бұл турнир туралы бала кезімнен әкемнен естіп өстім. «Тек нағыз мықтылар жеңетін жарыс» деп айтатын. Арада жылдар өтіп, сол атақты турнирдің жеңімпазы атану бұйырды. Бұл – мен үшін үлкен қуаныш пен зор мақтаныш.

Бұл жарысқа 5-рет қатысып, бұған дейін екі рет жүлдегер атандым. Биылғы мақсатым – чемпион болу еді, Аллаға шүкір, сол мақсат орындалды.

Дайындық барысында Красноярск қаласында оқу-жаттығу жиынын өткіздік. Осы жетістікке жеткізген жеке бапкеріме Нұрсұлтан Теміровке үлкен алғыс”, — деп жазды Жәмила Бақбергенова.

Еске сала кетейік, Жәмилә Бақбергенова 4 дүркін Азия чемпионы. Сондай-ақ, үш рет Әлем чемпионатында күміс жүлдеге ие болған.