ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті қылмыстық орта өкілін ұстағанын хабарлады - kaz.caravan.kz
  • $ 505.17
  • 599.54
+8 °C
Алматы
2026 Жыл
3 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті қылмыстық орта өкілін ұстағанын хабарлады

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті қылмыстық орта өкілін ұстағанын хабарлады

Шымкентте қылмыстық орта өкілі ұсталды.

  • 3 Ақпан
  • 1
ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

Бұл туралы 2026 жылғы 3 ақпанда ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚК) баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Zakon.kz.

ҚР ҰҚК таратқан ресми хабарламасында былай деп жазылған:

«2026 жылғы 2 ақпанда Алматы қаласында Шымкент бойынша ҚР ҰҚК Департаменті қалалық прокуратураның үйлестіруімен қылмыстық орта өкілі «Т»-ны ұстады. Аталған тұлға аса ірі көлемде бопсалауға күдікке ілінді. Ұсталған адам уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Осы іс аясында биылғы қаңтар айында Шымкентте оның екі серігіне қатысты заңсыз әрекеттердің жолы кесілді», – делінген хабарламада.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті қосымша мәлімет ретінде алдын ала тергеу жүріп жатқанын атап өтті.

«Басқа ақпарат ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес жария етілмейді», – деп түйіндеді ҰҚК баспасөз қызметі.