«Қорғас» кеден бекеті екі аптаға жабылады - kaz.caravan.kz
  • $ 505.17
  • 599.54
+6 °C
Алматы
2026 Жыл
3 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Қорғас» кеден бекеті екі аптаға жабылады

«Қорғас» кеден бекеті екі аптаға жабылады

Қытайда Жаңа жыл мерекесіне байланысты Қазақстан мен Қытай Халық Республикасы арасындағы «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы орталығы 14 күнге уақытша жабылады

  • 3 Ақпан
  • 2
ФОТО: Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

ҚХР аумағындағы бекет 2026 жылғы 16 ақпаннан 1 наурызға дейін жұмысын тоқтатады. Осыған байланысты аталған мерзімде «Қорғас» орталығы келушілер үшін толық жабық болады.

Осы уақыт аралығында Қазақстан тарапы орталықтың өз жағындағы ғимаратында жөндеу және жаңғырту жұмыстарын жүргізеді.

2 наурыздан бастап орталық қалыпты режимде жұмысын жалғастырады.