“Инвесторлар сақтық шараларын жасап жатыр”: Экономист алтын бағасының шарықтауының ауыр салдары туралы айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 503.44
  • 593.35
+3 °C
Алматы
2026 Жыл
3 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
“Инвесторлар сақтық шараларын жасап жатыр”: Экономист алтын бағасының шарықтауының ауыр салдары туралы айтты

“Инвесторлар сақтық шараларын жасап жатыр”: Экономист алтын бағасының шарықтауының ауыр салдары туралы айтты

Экономист, тәуелсіз сарапшы Мақсат Халық алтын бағасының өсуіне қатысты пікір білдірді.

  • 3 Ақпан
  • 123
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Ол Qazaq Airan YouTube бағдарламасына берген сұхбатында алдағы уақытта әлемдік дағдарыстың орын алу қаупі барын мәлімдеді.

”Халықаралық қаржы институттары әлемде үлкен дағдарыс болатынын айтып жатыр. Оның бір белгісі ретінде алтын бағасының қатты өсуін айтушы едім. Алтын бағасы жәй өсе бермейді. Демек, инвесторлар белгілі бір дәрежеде қор нарығындағы артық ақшаларын шығарып жатыр. Өйткені, дағдарыс болса, компаниялардың құнын түсіп кетеді. Сондықтан ақшаларын жоғалту қаупінен сақтанып, алтынды көптеп сатып алып жатыр. Алтынның бағасы бұрың-соңды болмаған рекордтық дәрежеге жетуінің өзі үлкен белгі. Үлкен инвесторлардың өзі сақтық шараларын жасап жатыр деген сөз. Алдағы уақытта қаржылық дағдарыстың болу қауіпі бар”, — дейді ол.

Сондай-ақ, экономист маман дағдарысқа әлемдегі геосаяси жағдайдың да әсер ететінін айтты.

”Әлемде соғыс болып жатыр. Ол тек Ресей мен Украинаның мәселесі емес. Израильдің төңірігінде, Таяу Шығыста, Иранда, Тайвань мен Қытайдың арасындағы геосаяси жағдайлар бүгінге дейін біраз дүниені өзгертіп тастады. Қазірдің өзінде әлемдегі тауар тасымалдау логистикалық тізбекте де өте көп қиындықтар орын алып жатыр. Бұның барлығы жеткізілетін тауардың құнына әсер етеді. Яғни, қымбатшылық, тауарларларын өткізе алмай жатқан компаниялар көбейе бастады деген сөз. Түбіндегі салдары дағдарысқа, жұмыс орындарының қысқаруына, өндіріс көлемінің қысқаруына алып келуі әбден мүмкін”, — дейді ол.