”Нұрбек Оралбай, Санжар Тәшкенбай”: Бүгін Boxam Elite 2026 турнирінде 12 боксшымыз жұдырықтасады - kaz.caravan.kz
  • $ 498.65
  • 589.06
-3 °C
Алматы
2026 Жыл
4 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
”Нұрбек Оралбай, Санжар Тәшкенбай”: Бүгін Boxam Elite 2026 турнирінде 12 боксшымыз жұдырықтасады

”Нұрбек Оралбай, Санжар Тәшкенбай”: Бүгін Boxam Elite 2026 турнирінде 12 боксшымыз жұдырықтасады

3-8 ақпан аралығында Испанияның Ла-Нусия қаласында Boxam Elite 2026 турнирі өтіп жатыр.

  • 4 Ақпан
  • 9
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Жылдың алғашқы жарысында ел намысын қорғауға аттанған 32 боксшымыздың 6-ы кеше, яғни жарыстың алғашқы күнінде жеңіліп қалды. Әйелдер арасында Сымбат Әлиасқар мен Әсем Таңатар үндістандық, Шахназ Исаева мен Аяжан Ермек голландиялық қарсыластарынан айласын асыра алмады. Ал ерлер арасынан Дәулет Молдашев Англия, Санатәлі Төлтаев Канада өкілінен жеңілді.

4 ақпан — халықаралық турнирдің екінші күні. Бүгін шаршы алаңға ұлттық құраманың 12 боксшысы шығады. Ерлер құрамасынан Санжар Тәшкенбай, Нұрзат Оңғаров, Махмұд Сабырхан, Бексұлтан Боранбек, Төрехан Сабырхан, Нұрбек Мұрсал, Оңталап Рахманов, Нұрбек Оралбай, Ерасыл Жақпеков пен Азамат Бектас өнер көрсетеді. Ал әйелдер арасынан Рахмина Әбдумәдижитова мен Азиза Иссина бақ сынайды.

Англия, Франция, Үндістан, Канада секілді 24 елдің кіл мықтылары жиналған турнир тартысты өтуде. Жарыс Қазақстан уақытымен 19:30-да басталады.