Бұл туралы ол «Бай бол» подкастына берген сұхбатында айтты, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
«Біреудің тарапынан құшақтау, сипалау дегенді кез келген қыз баласы көрген деп айта аламын. Ол ер балаларға жыныстық тәрбие берілмегендіктен. Қызды көрді, қозды. Оны ұстады, қыздың сезіміне мән бермейді. Ата-ана әркімнің жеке шекарасы барын үйрету керек. «Сен қалағаныңмен, оны қыз қаламайды. Өзіңді ұстай білу керексің» деген нәрсені. Қыздар кішкентай кезде ойнап жүрген кезде де өзінен қатарластарынан да, 1-2 жас үлкендерден де көріп жатады. Өзін зорланып жүргендей, мәжбүрлі түрде жыныстық қатынасқа баратын әйелдер бар. «Ыдыс-аяқ жуып жүремін, балалардың қасында жүремін» деп қашып жүретін де әйелдер бар», — деді сексолог.
Сондай-ақ, сексолог маман балаларды ерте жастан жыныстық тәрбиеге бейімдеу туралы айтты.
«7-8 жастан кейін қызды бөлек, ұлды бөлек жатқызу керек. Балалар әр нәрсені көреді, гармондары өсе бастайды. Оның үстіне балалар тез жетіледі, оның барлығы тамаққа байланысты. Көп тамақтарда қазір гармондар бар. Тауық еті, фаст фуд соның бәрін жеп жатады. Оның барлығы ерте жетілуге алып келеді. «10 жаста, кішкентай ғой» деп жатамыз. Бірақ соның ішінде де жыныстық қатынас болып жатады», — деді Жанна Төремұратова.