Университеттер мен мектептер діннен бейтарап кеңістік болу керек – ғалым - kaz.caravan.kz
  • $ 495.1
  • 583.72
-2 °C
Алматы
2026 Жыл
5 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Университеттер мен мектептер діннен бейтарап кеңістік болу керек – ғалым

Университеттер мен мектептер діннен бейтарап кеңістік болу керек – ғалым

Е. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің ректоры, заң ғылымдарының докторы Нұрлан Дулатбеков Конституциялық комиссияның сегізінші отырысында Ата заңның жаңа жобасында білім орындарын діни идеологиядан ажырату не үшін керек болғанын айтты

  • 5 Ақпан
  • 2
Фото: Видеодан скрин

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

-33-баптағы рухани білім ордаларынан басқа оқу орындарында білім беруді ұйымдастырудың зайырлы сипаты туралы 5-тармағының жаңа нұсқасы ерекше назар аударуға тұрарлық. Бұл мәтіндік тұжырым діннің мемлекеттен бөлектігі қағидасына толықтай сәйкес келеді, — деді ол.

Ғалым білім беру жүйесі үшін мұның іргелі мәні бар екенін айтады.

-Университеттер мен мектептер ғылымның, білімнің және әрине, академиялық еркіндіктің кеңістігі болып қалу керек. Мұндай тәсіл студенттерді қорғайды, бейтарап білім ортасына сақтайды және идеологиялық қысымның қатерін төмендетеді, — деген ғалым Конституцияның бұл нормалары бүкіл ғылыми қауымдастықтарды, өңірлердегі ғылым мен білім саласының өкілдерінің талқысы арқылы әбден пісіп-жетілгенін атап өтті.