"Қазақтың баласы Мәскеудегі мешітте кеудемнен итеріп жіберді" - Көріпкел Кажетта Ахметжанова - kaz.caravan.kz
  • $ 494.63
  • 583.22
+3 °C
Алматы
2026 Жыл
9 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Қазақтың баласы Мәскеудегі мешітте кеудемнен итеріп жіберді" - Көріпкел Кажетта Ахметжанова

"Қазақтың баласы Мәскеудегі мешітте кеудемнен итеріп жіберді" - Көріпкел Кажетта Ахметжанова

Көріпкел Кажетта Ахметжанова Мәскеудегі мешітке барып, өзін қазақтың баласы кеудесінен итеріп жібергенін айтты.

  • 9 Ақпан
  • 27
Видеодан скрин

Бұл туралы ол журналист Жанар Байсемізге берген сұхбатында айтты, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

«Мен «Көріпкелдер тергеу жүргізеді» бағдарламасында жүрген кезімде қатты жаным қысылды. Мәскеудегі Мира даңғылындағы мешітке бардым. Күртешемді шешіп, енді кірейін деп тұрғанымда Атыраудың ба, Ақтаудың ба қазақ бала «сіз біздің дінімізді, елімізді ұятқа қалдырып жүрсіз» деп мешіттің алдында кеудемнен итеріп жіберді. Сол кезде шалқамнан түстім. Сол кезде молда «Сен не істеп тұрсың? Оңбаған, хайуан! Құдайдың жолында емессің» деп ұрысып тастады. Басқа ұлттың адамы болса түсінемін. Өз қазағым кеудемнен итеріп жіберді. Содан кейін бір жылдай Құдайға ренжіп жүрдім», — деді көріпкел.

Сондай-ақ, ол сұхбатта «мұсылмандардың жындары мықты» екенін айтып өтті.

«Мен Марокко еліне бардым. Сол жерде бір мықты жын жерленген екен. Жынның жылап жатқанын мен де, қасымдағы бір қыз да естіді. Байлық алып келетін жындар болады. Жындар жүрген жерде ол сенімен әзілдеседі. Мейірімді де, зұлым да жындар бар. Дәл адамдар сияқты. Ең қорқынышты жындар ол шығыстық жындар. Ал бізде әруақтар бар. Бізді әруақтар әрдайым қолдап, қорғап жүреді. «Ұрпағым жамандыққа түсіп қалмасын, ұрпағым адасып кетпесін» деп жүреді», — деді Кажетта Ахметжанова.